ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері және «Үздіктер тандауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы!» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ҰСТАЗЫ
атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Дара тұлға - Әбу Насыр әл-Фараби» атты ғылыми-конференция.
ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТЕМІН
«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Р.Т. Султанбекованың ұйымдастыруымен және гуманитарлық-әлеуметтік пәндер факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен қараша айының 20 күні сағат 9.00де «Туған жерге тағзым етемін!» атты тақырыпта тәрбиелік іс шара өтті.
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қашықтықтан оқытудың қазір гікезде әртүрлі оқу мақсаттарын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктері бар.
ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ – ҰЛЫ АБАЙЫ
20.11.20 жылы Гуманитарлық– әлеуметтік ғылымдар факультетінде "Қазақ және орыс тілдері" кафедрасының оқытушыларымен "Ұлы халықтың – ұлы Абайы" атты тәрбиеіс-шарасы өткізілді. Іс – шараны кафедра доценті Асанқұлова Б.С., аға оқытушы Калымбетова Н.П. ұйымдастырдып, өткізді. Іс – шара барысында студенттер ұлы ақынның шығармашылығыментанысып, Абай Құнанбаевтың өлеңдер әлеміне еніп, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы слайд-шоу көрсетті, өлеңдер оқыды, әндерайтты. Іс-шараны ұйымдастырушылары. Абай шығармашылығында әр адамның өміріндегі адамгершілік қағидалары мен құндылықтарын қалыптастырудың жалпы адамзаттық мәселелері қалай ашылатынына ерекше назар аударды. Іс-шара қазақ жерінің ұлы ақынының шығармашылығы мен өмір жолын білуге арналған викторинамен аяқталды.
ОТАНҒА ДЕГЕН МАХАББАТТЫ
Тәрбие сағаты 19.11.2020 жылы сағат 17:00 де өтті. Тәрбие сағаты 2 тілде өтті.
АДАМ БОЙЫНДАҒЫ АСЫЛ ҚАСИЕТ
«Қазақ, орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы: Тулегенова Зульфия Джаналиевнаның ұйымдастыруымен қараша айының 16 күні сағат 12.00-де технологиялық факультетінің 3курс студенттері «Адам бойындағы асыл қасиет» атты тақырыпта ашық сабақ өтті.
МЕНІҢ ОТАНЫМ СУРЕТШІ КӨЗІМЕН
Қашықтықтан оқыту - тек білім беру процесі емес, сонымен бірге бұл тәрбие жұмысы.
Ғылыми-тәжірибелік конференция
«Шетел филологиясы және аударма ісі», «Шет тілдері» кафедраларында, ХХІІІ Студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының (СҒТК) бірінші іріктеу кезеңі онлайн режимінде өтті.
АПТА АШЫҚ САБАҒЫ
«Қазақ және орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы Түлегенова Зульфияның ұйымдастыруымен «Здоровье человека-здоровье нации» , «100 кітап. Әлем музыкасының тарихы» , "Тараз жемчужина мировой истории" тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Ұйымдастырылған бұл іс-шаралар Zoom платформасы арқылы, студенттердің онлайн қатысуымен жүзеге асты. Алғашқы ашық сабақта ұлт саулығы, жастардың денсаулығы мен зиянды әдеттердің зардабы жайлы сөз қозғалса, «100 кітап. Әлем музыкасының тарихы» сабағында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында аударылған "Әлем музыкасының тарихы» кітабының мазмұны жан-жақты ашылды. Бұл кітап музыкатанушылар мен өнертанушыларға, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналған. Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы өзара байланыс пен музыка тарихындағы маңызды кезеңдер турасында жазылған. Ежелгі өркениеттерден бастап, орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдарының теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы, түрлі мәдени қақтығыстар жан-жақты қарастырылған.
«Kazakhstan University Development Program 2020»
«Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушылары Грибенюк М.А, Рахимова Ю.С., Майлыбаева А.И. Қазақстандағы АҚШ Елшілігі тарапынан «Kazakhstan University Development Program 2020» атты бағдарламасы аясында онлайн курсқа қатысып біліктіліктерін арттырды.
ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР МЕН ЖАҢА БАҒЫТТАР
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен "Жаһандану кезеңіндегі тілдерді оқытудағы басымдықтар мен жаңа бағыттар" атты республикалық онлайн конференция өтіп, біздің университетіміздің атынан екі адам Шет тілдіері кафедрасының аға оқытушысы, тіл білімі магистрі Наурызбаева Айгүл Маратқызы және Филология кафедрасының аға оқытушысы, филилогия ғылымдарының магистрі Қалиева Жансая Дарханқызы қатысты.
ОЙ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ
Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан Дулати университетінің 1-курс студенттері арасында жекелей онлайн жарыс өтті. Жарысқа 14 студент қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, нәтижесінде 1-орынды Гулдерай Кенгесбаева (ТФ), 2-орынды Мұрат Орман (ФИТАТ), 3-орынды Әсет Тәкен (ГӘҒФ) иеленді.
ЖАЗУШЫ, ДРАММАТУРГ ЕЛЕН ӘЛІМЖАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін жазушы, драматург, публицист, Қазақстан жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Елен Әлімжанмен онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуге филология және журналистика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының шығармашыл, әдебиетсүйер жастары қатысты. Ұйымдастырылған шарада Е. Әлімжанның шығармашылығы турасында кеңінен әңгіме қозғалды.
ҚҰТТЫҚТАУ!!!
16-17 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 5В050300–Психология мамандығының Республикалық пәндік олимпиадасын онлайн форматта ұйымдастырып өткізді.
Факультеттің ресми электронды поштасының адресі
Ғасырлар биі
29.02. 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған Тармудың гуманитарлық – әлеуметті ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының жанынан құрылған «Belle Art» би ансамблінің шығармашылық есеп беру концерті болып өтті. Бағдарламада ежелгі грек елінің дәуірлік «Бастау» этнографиялық копозициясынан
Мемлекеттік тілді білу әр азаматтың парызы!
Қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен “Ана тілі – мемлекет тірегі!” атты тіл фестивалі болып өтті. Ол Халықаралық ана тілі күніне орай ұйымдастырылды.
Осыған орай өткізілген фестивальдың мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылығы мен құрметін арттыру. Байқауға қаламыздың бірқатар оқу орындарының студенттері қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды. 6 адамнан құралған 7 команда алғашқы кезеңде өздерін мемлекеттік тілде таныстырса, екінші кезеңде өз ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеді. Сондай-ақ қатысушылар өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің "Мәдениет және өнер" кафедрасының "Дулати жастары" халықтық студенттер театрының студенттері алды.
«Мәдениет және өнер» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамын және білімгерлерді осы женістермен құттықтаймыз! Келешектеде осындай биіктен көріне бірулеріңізге және шығармашылық талқыныстарыныздың арта беруіне шын ниетпен құттықтаймыз!
Саулебаева А.А.