«СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТҚА ҮЙЛЕСТІРУ» ИНСТИТУТЫ

Қабылдау телефоны: 8 (7262) 42-65-52

Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 28, 6.2-205

Институт жайлы

Институттың миссиясы - әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, сондай-ақ қазіргі заманғы кәсіби және өзге де талап етілетін құзыреттері бар жоғары адамгершілік тұлғаны қалыптастыру. Қоғамның, мемлекет пен жеке тұлғаның қажеттіліктеріне жауап беретін нақты ғылыми жетістіктер, оқу процесіне оқытудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу, жаһандық өзгерістерге икемді ден қоятын және Қазақстан Республикасы экономикасының озыңқы дамуын қамтамасыз ететін мобильді және серпінді оқыту негізгі құралдар болып табылады.

Институттың мақсаты: болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, заманауи, жоғары сапалы теориялық білім мен практикалық тәжірибені қамтамасыз ету.

Жалпы институтта барлығы 1700-нан астам студенттер мен магистранттар және 8D08612- «Мелиорация және суғармалы егіншілік» және 8D07411 – «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім беру бағдарламалары бойынша докторантура бойынша білім алады.

2021-2022 оқу жылынан «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты және «Мұнай-газ ісі және механика» факультеті біріктіріліп, «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты құрылды. Институтта қазіргі уақытта 184 профессор оқытушы құрамы жұмыс атқарады. Оның ішінде  17  ғылым докторлары, 56- кандидат, 12 PhD докторлары  қызмет атқарады.

ЖОО Үздік оқытушысы» атағының иегерлері - 26 

Ғылыми стипендия иегері -  4

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институттың құрамында келесі кафедралар жұмыс атқарады:

  1. «Механика және машина жасау»
  2. «Мұнай-газ және тау-кен ісі»
  3. «Су ресурстары»
  4. «Электрэнергетикасы»
  5. «Көлік техникасы және технологиялар»
  6. «Мелиорация және агрономия»
  7. «Құрылыс және материалдар өндіру»
  8. «Сәулет және құрылыс өндірісі»
  9. «Жерге орналастыру және кадастр»
  10. «Өмір тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі»
  11. «Экология»

АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ИНСТИТУТТЫҢ РӨЛІ

  1. Аймақтың маңызды салалары бойынша кадр тапшылығын шешу:
  • Су, Геология, экология
  • Тау-кен ісі
  • Энергетика және машинажасау
  • Мұнай-газ саласы
  • Логистика
  • Құрылыс
  • Сәулет
  • Кадастр
  1. Аймақтағы проблемаларды ғылыми зерттеулер арқылы шешу:
  • Жер туралы ғылымдар
  • Жаңа материалдар
  • Кен байыту және металлургия саласында жаңа технологиялар
  • Тау-кен ісі, энергетика, мұнай-газ саласында жаңа технологиялар
  1. Институттың технологияларды коммерциаландыру бойынша бағыттары:
  • Баламалы энергия көздері
  • Мұнай-газ саласы
  • Кен байыту
  • Құрылыс
  • Гидроэнертгетика
  • Суды үнемдеу технологиялары
Директорат
ШИЛІБЕК КЕНЖЕҒАЛИ ҚОШҚАРБАЙҰЛЫ

Басқарма Мүшесі - «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Сәтбаев көшесі, 28


ИГЛИКОВ АЛТАЙЫ АМАНКУЛОВИЧ
ИГЛИКОВ АЛТАЙЫ АМАНКУЛОВИЧ

Директорының оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары

магистр

Байланыс телефоны: 8-747-684-2750

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ЕСКЕРМЕСОВ ЖАНДОС ЕЛЕУКЕНОВИЧ
ЕСКЕРМЕСОВ ЖАНДОС ЕЛЕУКЕНОВИЧ

Директорының ғылыми жұмыстары бойынша орынбасары

доцент

Байланыс телефоны: 8-705-846-9303

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ҚОЖАС ОЛЖАС ОҢҒАРҰЛЫ
ҚОЖАС ОЛЖАС ОҢҒАРҰЛЫ

Директордың тәрбие ісі және кадр жұмыстары бойынша орынбасары

магистр

Байланыс телефоны: 8-708-419-3864

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


АУХАБАЙ ӘЙГЕРІМ ҚАЙРАТҚЫЗЫ
АУХАБАЙ ӘЙГЕРІМ ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Маман

Байланыс телефоны: 8-747-953-8323

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


САТКЕЙ САУЛЕ БЕЙСЕМБЕЕВНА
САТКЕЙ САУЛЕ БЕЙСЕМБЕЕВНА

ЭЕМ оператор

Байланыс телефоны: 8-747-629-5955

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Материалдық-техникалық базасы

Институтте арнайы мамандандырылған зертханалармен жабдықталған, ол жерде қазіргі сұраныстарға сай оқу және ғылыми іздестірулер, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мамандандырылған кабинеттер мен залдар компьютерлік техника, интерактивті тақталармен және т.б. жабдықталған.

Бакалаврлар мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура) бағыттары бойынша оқу процесін, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру үшін ПОҚ зертханалар мен мамандандырылған кабинеттерді пайдаланады, мысалы, "Құрылыс және материалдар өндіру" кафедрасы бойынша - "Құрылыс конструкциялары" аудиториясы (практикалық сабақтарды өткізу) 36 м2 алаңға ие, интерактивті сынып болып табылады, зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін "С.Сүлейменов атындағы Химиялық технологиялар орталығы" ауданы - 48 м2, оқу сабақтарын өткізу үшін қажетті жабдықтары бар.

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы мамандандырылған арнайы аудиториялармен, заманауи геодезиялық өлшеу құрылғы жабдықтармен (Электронды тахеометр Topcon GPT3105, теодолит VEGA TEO20; нивелир Sokkia SDL-30) қамтылған және оқудың инновациялық технологиясы енгізілген.

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы дипломдық жұмыстарды орындау үшін арнайы аудиториялармен, заманауи компьютерлермен және плоттерлермен жабдықталған. Арнайы «Суретжәне сыршырай» зертханалық аудиториялары да бар.

Биология кафедрасында «Фитохимия» білім беру ғылыми-өндірістік орталығы, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған, Нанкюде шығарылған (Шанхай, Қытай).

«Фитохимия» БПЗК - «Қазақстан Республикасының өсімдік шикізаттарын зерттеу, химиялық қосылыстарды бөлу, олардың биологиялық белсенділігін зерттеу және экспортқа жаңа дәрі-дәрмектер өндірісі» жобасымен айналысады.

Сонымен қатар, «Биология» кафедрасында «Жылыжай» заманауи жылыжайы бар - бұл оңтүстік кореялық «KOREAGREENHOUSE CO LTD» компаниясының инновациялық технологиясының көмегімен салынған тәжірибелік алаң. Аумағы - ұзындығы 8 акр. Жылыжай компьютерлендірілген - автоматты түрде тамшылатып суару жүйесі қолданылады.Эксперимент ретінде жылыжайда Mahitos қызанақ, фламинго бұрыштары мен өнімділігі жоғары қиярдың әр түрлі сорттарын қолданып өсіру әдісі қолданылады. «Жылыжай» жылыжайында студенттердің «Өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктері» тақырыбында оқытушылармен (СРСП) өздік жұмысы өтеді.

«Экология» кафедрасында «Қоршаған орта әсерін бағалау» зертханасы жұмыс істейді.Зертхана зертханалық тәжірбие жасауда техникалық құралдармен толықтай жабдықталған. Онда студенттер зертханалық жұмысты ұйымдастыру принциптерін үйренеді, зертханалық құрал-жабдықтар арқылы зертханалық жұмыс жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,теориялық негіздерін зертханалық жұмыста қолдана біледі. 2014-2015 оқу жылынан бастап «Экология департаментінде» кафедра филиалы ашылған, ал 2019-2020 оқу жылынан бастап «КазФосфат» ЖШС ЖЖФЗ базасында кафедра филиалы жұмыс жасайды. Кафедра филиалы базаларында бакалавр мен магистранттар теориялық алған білімдерін тәжірибемен шыңдайды. Сонымен қатар онда өндірістік, ғылыми-зерттеу, диплом алды тәжірибелерден өтеді.

2016 жылдан бастап «Өмір тіршілік қауіпсіздік» кафедрасында «Техносферадағы қауіпсіздік» лабораториясы жұмыс жасауда және заманауи жабдықтармен (Оқытуға арналған интерактивті комплексі, зертханалық – оқыту қондырғы комплектісі, Светодинамикалық 3D макеті, робот-тренажерлар, люксметрлер, анемометрлер, шумометрлер) қамтылған.

«Су ресурстары» кафедрасының оқу-ғылыми лабораториясының көлемі 1596м2 құрайды және келесі 6 мамандандырылған лабораториядан тұрады: гидравлика, гидротехникалық құрылымдар, сорғылар және су көтеру қондырғылары, гидроэнергетика, гидромелиорациялық және гидротехникалық жұмыстар технологиясы мен ұйымдастыру, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету. 2013 жылы Аrmfield ағылшын компаниясының құны 92 млн.тенгеге жаңа лабораториялық қондырғысы сатып алынды және лабороторияларға 10 млн.тенгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқу-ғылыми лабораториясында, ПОҚ, докторанттар, магистранттар және студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді және барлық лабораториялық қондырғылар оқу үрдісі үшін пайдаланылады.

Институт жетістігі

Институттың қызметкерлері «ҚР жоғарғы оқу орнының ең үздік оқытушысы» атты ҚР білім және ғылым министрлігінің грант иегерлері: Әбдіраманов Ә.Ә. (2006 ж.), Сағындықов А.А. (2007 ж.), Сенников М.Н., Жұмабеков Ә.Ә. (2007 ж.), Сейтқазиев Ә.С. (2009 ж.), Іңкәрбеков Н.О.

Инкарбеков Н. О, т. ғ. к., Дулати профессоры. 27.02.2019-01.03.2019 жылдары Эразмус+ халықаралық бағдарламасы бойынша № 574056-EEP жобасын іске асыру мақсатында қатысты-1-2016-1-PL-EPPKA2-CBHE-SP "тұрақты даму бойынша өмір бойы оқыту"/"Lifelonglearningforsustainabledevelopment" (SUSDEV) Корольдік технологиялық институтында (Стокгольм, Швеция). SUSDEV жобасының командасының қатысушыларымен кездесу барысында Landmanagement тұрғысынан әзірленген модульдік бағдарламаларды бекіту мәселелері талқыланды.

ҒЗЖ нәтижелілігінің бір түрі республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу, дипломдық жобалар конкурстарында жүлделі орындар алу болып табылады. Мысалы:

  • - 2019 жылдың 14-15 наурызында ҚазБСҚА базасында жыл сайынғы республикалық пәндік олимпиада өтті. 2 дәрежелі дипломмен 5В073000-ПСМИК 2 курс студенті Артаева Сандуғаш марапатталды.
  • – 2019-2020 ж. 5В073000-ПСМИК, РОӘК ОӘБ шеңберінде "Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша дипломдық жобалар мен магистрлік диссертациялардың республикалық байқау – конкурсы (2019 жылғы 12-13 қараша, ҚазБСҚА, Алматы), Дамир Бердібекұлы – 3 орын (ғылыми жетекшісі-т.ғ. к., доцент Г.М. Баялиева).
  • - Еуразия сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің дипломдық жобалары мен магистрлік диссертацияларының IX халықаралық фестивалі (2019 жылғы 14-18 қараша, Ташкент, Өзбекстан). 5В073000-ПСМИК студенті Бердібекұлы Дамир -2 орын (ғылыми жетекшісі-т.ғ.к., доцент Баялиева).

5В042000 – Сәулет мамандығының«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының 4 курс студенті Мукашев Айдос үстел теннисі бойынша жетістіктері үшін марапатталды. Ол 2019 жылғы «Жастар жылына» арналған Жамбыл облысының жоғары оқу орындары арасындағы үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы спартакиадада 1 орын алды.

2019 жылғы 23-24 қарашада Нұр-сұлтан қаласында «Өнер» атағын беру бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы I Республикалық шығармашылық конкурсы өтті, «Халық аспаптарын» үздік орындағаны үшін номинацияда «Тұмар» ансамблі Бас жүлдені жеңіп алды. Бұл байқауға 5В042000-Сәулет мамандығының 3 курс студенті Асқаров Диас қатысты.

23.08.2020 ж.5В042000 – Сәулет білім беру бағдарламасының «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының 4 курс студенті Көмекбаев Бақтыбай «Тараз қаласының Брендбук» байқауында өзінің логотипімен 1-ші орынға ие болды. Енді бұл логотип біздің қаламыздың бренді болды және сүйікті Тараз қаласының түрлі нысандарында көрсетілетін болады.

Кафедрамыздың студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы бойынша тағы да бір жетістік. 2020 жылдың 6 қараша күні «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының 5В090300-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Балсеитова Дана Ермекқызы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми білім беру мекемелері арасында «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» ассоциясының ұйымдастыруымен өткізілген конкурста «Үздік студент-2020" атағына ие болды. Конкурс нәтижесі бойынша студенттің еңбегі «Дарынды жастардың ІІ халықаралық энциклопедиясына» енгізіліп, «Үздік студент-2020» төсбелгісімен, куәлікпен және І дәрежелі дипломмен марапатталды. Студентімізге ғылыми зерттеу жұмысында бағыт бағдар беріп жүрген ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Ахметов Ерғали Сейлбекұлы арнайы алғыс хатпен марапатталды.

2020 жылдың 5 қазан күні «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Ахметов Ерғали Сейлбекұлы «Ұлттық картографиялық геодезиялық қор» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны тағайындаған «Құрметті картограф» төсбелгісімен марапатталды. Әріптесімізге қызметіне мол табыс, денінен саулық тілеп, еңбек жолында алар асуларыңыз көп болғай деп шын жүректен тілейміз.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының материалды-техникалық базасы жақсы жабдықталған.  Кафедраларда орындалатын ғылыми жұмыстарды орындау келесі мамандандырылған ғылыми зертханаларда: «Гидравлика и гидротехничкалық құрылыс», «Құрылыс материалдары және конструкцилары», «Суғару техникасының полигоны», «Арнайы дәрілік өсімдіктерді алуға арналған зертхана мен көк-өніс өсірілетін жылыжай», «Геодезиялық өлшеу жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы зертхана» орындалады және заманауи аспаптар мен құрылымдармен жабдықталған.

Ғылым мен өндірісті интеграциялау мақсатында кафедралар Тараз қаласы «Сәулет және қала құрылысы» бөлімімен, «Мекен-жай Тараз», «Құрылыс консалтинг» жобалау конструкторлық мекемелерімен, «ҚазСШҒЗИ» ЖШС-мен (Тараз қаласы) және «Қазсушар» РМК; «Шу-Талас бассейндік инспекциясы»; «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру»; «КазТрансГаз Аймак» және «Амангелдігаз» ЖШС – мен тығыз байланыс орнатылған.

Қазіргі таңда кафедраларда ғылыми зерттеу жұмыстарының жетекшілері келесідей:

  • кафедра доценті Кабдушев А. А.. - 48 000 000 теңге сомасына "Разработка тампонажных растворов с дифференциальными своиствами" тақырыбындағы ғылыми жобаны жеңді.
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша конкурстарына «Внедрение технологий эффективного сохранения, очистки и использования воды в Казахстане» ғылыми жоба әзірленіп, жіберілді. Жалпы құны – 400 млн.теңге. Жетекшісі Қойбақов С.М., Орындаушылар: Жолдасов С.Қ,, Жоламанов Н.Ж., Иманалиев Т.
  • Батыс Мичиган университеті професоры Жанай Сагын жетекшілігімен құны 38000 АҚШ доллары болатын халықаралық грантқа жоба жіберілді.

Инновациялық дамыған қоғам үшін креативті ойлай білетін және тез өзгеретін сыртқы орта жағдайында негізделген және тұжырымды шешімді қабылдай білетін жоғары білікті оқытушыларды, магистранттарды, студенттерді дайындауда ғылыми зерттеу жұмыстарының алатын орны ерекше.

Ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша ғылыми мақалаларды дайындау жоғары импакт-факторлы базаға енетін басылымдарға, ҚР Комитет құрамына ентін басылымдарға, халықаралық және республикалық деңгейде өткізілетін конференциялар мен басылымдарда жариялануда.

Ғылыми жұмыстар негізінен әр кафедраның жүргізілетін ғылыми бағытына сәйкес бакалаврлар, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен бірлесе отырып: «Гидротехник», «Тұлпар», «Жер өлшеуші», «Агромелиоратор», «Силикат», «Жер қойнауын пайдаланушы», «Сәулетші», «Энергетик», «Машина жасаушы», «Сұңкар», «Табиғат» ғылыми үйірмелерде ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты құрамына 11 кафедра кіреді. 2021-2022 оқу жылында кафедралар ережеге сәйкес жаңа оқу білім бағдарламаларын құрастырды. Институттағы оқу-әдістемелік процесс жаңа білім беру технологияларын енгізуге және цифрландыруға біртіндеп көшуге бағытталған. Кафедралар оқу-тәжірибелік орталықпен, оқу кабинеттерімен, сонымен қатар оқытудың инновациялық технологиясы бойынша сабақ өткізуге арналған. Білікті мамандарды дайындау үшін оқытушылар құрамы көптеген оқу-әдістемелік жұмыстар жасады. Кафедра пәндері бойынша жұмыс оқу жоспарлары, оқу жоспары, жұмыс оқу жоспары (силлабустар) әзірленген және бекітілген. Оқу, өндірістік, диплом алдындағы тәжірибеден өтуге арналған бағдарламалар мен нұсқаулар әзірленген. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар жасалынған. Дипломдық жұмыстың тақырыбы ғылыми-зерттеу сипатына ие және кәсіпорындардың тапсырыстарымен орындалады. Оқытушылар құрамы өз қызметінде әр түрлі бағдарламаларды қолданады, жаңашылдарын жасайды және оларды оқу процесіне енгізеді.

Институтта жоспарға сәйкес ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізіліп тұрады, онда жоғары оқу орындарындағы білім беру мәселелері, заманауи білім беру технологияларын қолдану әдістері зержеденіп, талқыланады.

ОПҚ оқу үдерісіне авторлық аудио және видео өнімдерін белсенді түрде енгізуде, слайдтар, флипчарттар және т.б. арқылы интерактивті тақтаны қолдану арқылы сабақ өткізуге машықтануда. Оқылатын пәндер үшін мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиеттер белсенді түрде жасалынған, бұл қызмет оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды шығаруға бағытталған. Электрондық оқыту мазмұны оқылатын пәндер бойынша қашықтықтан білім алушыларға арналған.

Тәрбие жұмыстары

Институттағы тәрбие жұмысы сапа саласы мақсаттарының жүзеге асырылу жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, тәрбие жүйесінің біртұтастық принципіне негізделген: тәрбие үрдісінің әдістері мен формаларын жасау, шығармашылық ойлауды дамыту, рухани-адамгершілік және эстетикалық мәдениет, сондай-ақ, азаматтық позициясы мен саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан, көп конфессиялық және көп ұлттылық жағдайында тәрбиеленген, салауатты өмір салтын қалыптастырған студентті жан-жақты, үйлесімді тұлға ретінде дамыту бағытындағы тәрбиелік іс-шаралар кешені қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Институтта тәрбие үрдісінің түрлі бағыттары бойынша көптеген мәдени-көпшілік іс-шаралар атқарылады. Студентерге арналып түрлі тақырыптағы ғылыми-практикалық конференциялар; жастар акциялары; флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер; түрлі шығармашылық жанрдағы байқаулар (ән-би байқаулары, жатақхана бөлмесінің үздік безендірілген үлгісі, студенттік үздік тағам, т.б.); спорттық жарыстар, спартакиадалар; балалар үйіне, мүгедек балалар үйіне, қарттар үйіне қамқорлық акциялары; көрнекті қоғам және саясат қайраткерлерімен, құқық қорғау органдары өкілдерімен, денсаулық сақтау органдары және түрлі діни конфессиялар өкілдерімен, телеарна және республикалық, облыстық бұқаралық баспасөз тілшілерімен, жазушылармен, әртістермен және т.б. кездесулер ұйымдастырылып отырылады.

Институттың тәрбие жұмысының жоспары ТарӨУ-дың 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбиелік жұмыс жоспарының негізінде құрастырылып, бекітілді.

Институтта жалпы 1672 студент білім алады. Оның ішінде

1 – ші курста – 499 студент;

2 - ші курста –436 студент;

3 - ші курста – 367 студент;

4 - ші курста –299 студент;

5 – ші курста – 71 студент.

882-грантта, 790-ақылы негізде оқиды

Олардың ішінде шетелден келіп оқитын студенттер: 20

  • - Түркменстаннан келіп оқитындар бойынша 4 студент;
  • - Өзбекстаннан келіп оқитындар бойынша 15 студент;
  • - Таджикистаннан келіп оқитындар бойынша 1 студент.

Жалпы академиялық топтар саны – 118; Жалпы кураторлар саны – 84

Институттың тәрбие жұмысының мақсаты: - жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру.

Оқу ордасында студент жастарды біліміне білігі сай, нарықтық кезең өзгерістеріне бейімделе алатын, ұлт тағдыры мен болашағына бей-жай қарамайтын, отансүйгіш және елжанды етіп тәрбиелеу мақсатында «М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ тәрбие жұмысының тұжырымдамасы» қабылданды. Сол тұжырымдама негізінде әр оқу жылына арналған тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 12 бағыттан тұратын жылдық жұмыс жоспары әзірленген. Тәрбие жұмысының жоспары университеттегі тәрбие жұмысы жүйесінің стратегиялық құрылымын, басым бағыттары мен мақсатын, іске асырылу тетігі мен мерзімін белгілейді.

Тәрбие жұмыстарының негізгі функциялары:

  • - Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті-құқықтық актілері мен өкімдік құжаттарына, халықаралық және республикалық сапа стандарттарына, Университет Жарғысына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
  • - жоспарлардың тұжырымдамаларын және т.б., тәрбие үрдісі бойынша құжаттарды әзірлеу, бекіту, олардың орындалуын бақылау;
  • - Академиялық топ кураторларының және инститттағы студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы іс-шаралардың орындалуын және есептерін қарау;
  • - институттың, кафедралардың, студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлар мен есептердің сапасын тексеруді жүзеге асыру, олардың нақты орындалуы;
  • - Кураторлар кеңесінің, Институттың тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің, құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп бойынша кеңестің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
  • - студенттің жеке дамуына қолайлы жағдай жасауға және рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал ету;
  • - институттың тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Тәрбие жұмыстары 12 бағыт бойынша жүргізеледі:

  1. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;
  2. Жастар саясаты;
  3. Азаматтық – патриоттық тәрбие;
  4. Әскери – патриоттық тәрбие;
  5. Рухани – адамгершілік тәрбие;
  6. Құқықтық тәрбие;
  7. Студенттердің шығармашылығын дамыту;
  8. Дене тәрбиесі;
  9. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  10. Кәсіби еңбек тәрбиесі;
  11. Кураторлық жұмыс;
  12. Студенттік жатақхана жұмысы.
Top