«ДУЛАТИТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Телефон: 87072708671
Мекен-жайы: Төле би № 62а 305 каб.

«Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығы 1999 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуіне орай, универсиетте 1999 жылғы 18 қаңтарда шыққан «О создании центра по изучению творчества М.Х.Дулати» атты №10 бұйрығына байланысты құрылды.
Орталықтың негізгі мақсаты – ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері және тарихшы, ақын, әрі дипломат Мұхаммед Хайдар Дулати мұраларын жан-жақты зерттеу, насихаттау болып табылады.
Ғылыми-зерттеу орталығының басты бағыттары:
- Ғалымның өмірі мен атқарған қызметтері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Ғалымның шығармашылығына арналған тарихи жазба түпдеректер мен ғылыми зерттеу еңбектерін саралау жұмыстарын ұйымдастыру;
- Атақты «Тарихи Рашиди» еңбегінің тарихи маңызын зерттеуде әлем және отандық ғалымдардың ғылыми ізденістерін үйлестіру және ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізу;
- Әлемдік және отандық дулатитанушы ғалымдармен ғылыми байланыс жасау және бірігіп зерттеу жұмыстарын атқару;
- М.Х.Дулатиға арналған « Дулати оқулары» конференциясын тұрақты өткізу және насихаттық- танымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу;
Ғылыми орталықтың бастамасымен 1999 жылдан бері ғылыми-зерттеу жинақтары және дәстүрлі «Дулати оқулары» конференция материалдары тұрақты шығып келеді.
Ғылыми орталықтың соңғы уақыттағы ғылыми-ізденіс жұмыстары: Университетте дәстүрлі түрде «Дулати оқулары» өткізіледі. Осы уақытқа дейін М.Х. Дулатидің өмірі мен шығармашылығына арналған 11 рет Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.
Конференцияға Отандық және шетелдік дулатитанушы ғалымдар үнемі ғылыми-зерттеу мақалаларын талқылап, жариялап отырады. М.Х.Дулати мұраларын ұлықтау ісі жан-жақты насихатталып, өзінің ылайықты жалғасын таба бермек.

«Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Мекен жайы: Төле би № 62а 305 каб.
Байланыс телефоны: 87072708671
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі
Мекен жайы: Төле би № 62а 305 каб.
Байланыс телефоны: 8 (702)3273399
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі
Мекен жайы: Төле би № 62а 305 каб.
Байланыс телефоны: 87017683957
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.