СТУДЕНТТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСТАР БӨЛІМІ

КАСЕНОВА АЙМАН КАЛМАХАНОВНА

Студенттерді есепке алу және қозғалыстары бөлімінің бастығы

Байланыс номері: +7 (747) 412-57-48

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би к., 62, 3.1-110

Қызмет бағыты

Бөлім 2020 жылы құрылған. Орталық барлық академиялық кезеңі бойы студенттерге академиялық мәселелер бойынша кеңес береді.

Бөлім – әрбір студент өзін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алатын орын болып табылады.
Орталық қызметінің қағидаттары: алынған ақпараттың құпиялылығы, сенім негізіндегі ынтымақтастық, мәселелерді шешудегі объективтілік, дұрыс ақпарат беру. Орталық – бұл университет әкімшілігі мен оның студенттерінің жаңа форматтағы диалогын құруға мүмкіндік беретін орын болып табылады.

Бөлім студенттік қоғамдастықпен жан-жақты өзара іс-қимылды барынша жақсартуға бағытталған, студенттердің уақытын үнемдеуге, сондай-ақ қызмет көрсету кезінде қайталайтын әрекеттерді,  «университет-студент» өзара іс-қимыл жүйесіндегі бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ студенттік проблемаларды шешудің тиімділігі мен жеделдігін едәуір арттырады, қызметтердің сапасын қағидатты жаңа деңгейге көтереді, білім алушылардың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді алуға жұмсайтын уақытын үнемдеу мәселелерін шешеді.

БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

Бөлімнің басты мақсаты – «бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге сапалы және жылдам қызмет көрсету.

Бөлімнің негізгі міндеттеріне келесілер кіреді:

  • өтініштерді қабылдау және тіркеу;
  • өтініштерді қарау және өңдеу;
  • құжаттарды ресімдеудің барлық түрлеріне өтініштерді қабылдау (анықтама, академиялық анықтама, транскрипт);
  • анықтамалар («Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК-ге), транскрипт беру
  • жоғары білім алу процесінде, жазғы және қысқы демалыс кезеңінде босаған білім беру гранттарын алуға ақылы негізде оқитын үміткерлердің  құжаттарын қабылдау және олар бойынша  шешім қабылдау үшін  құжаттарды ҚР БҒМ-ге жіберу;
  • ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
  • БҚК-ге өтініш білдірген кезде студенттерге ақпараттық көмек көрсету;
  • білім алушылардың қозғалысын есепке алуды жүргізу;
  • білім алушылардың жеке істерін ресімдеу және сақтау;
  • шәкіртақылар бойынша бұйрықтарды қоспағанда, барлық санаттар бойынша бұйрықтар шығару және келісу (жоғары білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру, ЖОО ішінде, басқа ЖОО-дан ауысу және оқуға қайта қабылдау, білім алушыларға білім беру қызметтеріне жеңілдіктер беру, академиялық демалыс беру, әртүрлі санаттар бойынша оқудан шығару, тегін өзгерту, жол жүруге өтемақы төлеу туралы және т. б.);
  • контингент қозғалысы бойынша бұйрықтарды өңдеу;
  • студенттерді ауыстыру және оқуға қайта қабылдау бойынша құжаттарды қабылдау және бұйрықтарды дайындау;
  • басқа ЖОО-дан ауыстырылған, оқуға қайта қабылданған білім алушылардың жеке істеріне сұраныстар дайындау;
  • сұрау салуларға сәйкес басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру және оқуға қайта қабылдау бойынша құжаттаманы жіберу;
  • бұйрықтарды «Platonus» ААЖ-ға енгізу;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін жүргізу;
  • шетелдік білім алушылардың есебін жүргізу;
  • ЖОО-да оқитын мүгедектердің есебін жүргізу
  • оқудан шығарылған студенттерге академиялық анықтамалар беру;
  • студенттік құжаттамаларды дайындау;
  • жеке істерді жүргізу, оларды толықтыру, уақытша пайдалануға беру есебі (аттестат, диплом);
  • түлектер мен оқудан шығарылған студенттердің жеке істерін жинақтау, тігу және мұрағатқа тапсыру;
  • жұмысты жетілдіру бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
  • құжаттармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру;
  • құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, студенттік құжаттармен жұмысты ұйымдастыру.
Бөлімнің кадрлық құрылымы
НАСЫРАДИНОВА БАТЕС АЛДАЖАРОВНА

Қызметі: студенттерді есепке алу және қозғалыстары бөлімінің маманы

Байланыс телефоны: +7 (777) 530-16-66

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би к., 62, 3.1-109

БОТБАЕВА АКЗЕР КУРМАНАЛИЕВНА

Қызметі: студенттерді есепке алу және қозғалыстары бөлімінің статисті

Байланыс телефоны: +7 (700) 335-95-27

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би к., 62, 3.1-107

ЕГИЗБАЕВА АЗИЗА ЕРГАЗИЕВНА

Қызметі: студенттерді есепке алу және қозғалыстары бөлімінің статисті

Байланыс телефоны: +7 (707) 994-52-75

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би к., 62, 3.1-107

ДІЛДАБЕК ЖАНАР СӘКЕНҚЫЗЫ

Қызметі: студенттерді есепке алу және қозғалыстары бөлімінің маманы

Байланыс телефоны: +7 (700) 021-07-54

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би к., 62, 3.1-110

Top