ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІ

Экономика және қаржы департаменті «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамы дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент директоры - бас бухгалтер басқарады және орындалатын жұмыс түрлерінің бөлім бойынша жұмыс істейді: жоспарлау бөлімі, еңбек ақыны есептеу бөлімі, қаржыландыру және стипендия бөлімі, негізгі құралдар мен материалдарды есепке алу бөлімі, білімгерлермен жұмыс жасау бөлімі.

МАҚСАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • Экономика және қаржы департаментінің негізгі міндеттері  жоспарлау, есепке алу, бақылау және талдау болып табылады:
  • Тиісті оқу жылына университеттің кірістері мен шығындарын жыл сайын жоспарлау, университеттің жоспарлау және қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу.
  • Жыл сайын университеттің ӘБП, оқу-көмекші және қызмет көрсету персоналдарының штаттық кестесін құру, тиісті оқу жылына ПОҚ тарификациялық тізімін құру.
  • Студенттерге, магистранттарға және докторанттарға оқу үлгеріміне сәйкес стипендия мөлшерінесептеу және беру.
  • Университеттің республика бюджетінен бөлінетін еңбек және ақшалай қаражаттың, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттың дұрыс және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
  • Контингентті ақылы негізде оқытуға ақшалай қаражаттың уақтылы түсуін бақылау.
  • Бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануға, мүліктің болуына және қозғалысына бақылауды қамтамасыз ету.
  • Университеттің бухгалтерлік есеп стандарттарымен регламенттелген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтау.
  • Шаруашылық-қаржылық қызметтің жағымсыз құбылыстарын уақтылы ескерту және ішкі шаруашылық ресурстарын жұмылдыру.
  • Нормативтік құжаттарға сәйкес салықтық және статистикалық есепті жүргізу және бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімде жоғары тұрған тиісті органдарға ұсыну.
Top