Құрметті оқырман!

«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» комерциялық емес акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметінің парақшасына қош келдіңіз!

«Compliance» ағылшын тілінен аударғанда «сәйкестік» дегенді білдіреді, «to comply» - сәйкес болу етістігінен шыққан.

«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» комерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі-Қоғам) жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі (бұдан әрі-Комплаенс-қызметі) Қоғам қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

Комплаенс-қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, Қоғамның Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді.

Комплаенс-қызметінің негізгі міндеттері сыртқы нормативтік талаптар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша озық халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және қайта бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді жүзеге асыру болып табылады.

Комплаенс-қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығы), Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандартына
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2020 жылғы 4 мамырдағы № 174 бұйрығы), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзге де қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері және университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Положение об антикоррупционной комплаенс-службе некоммерческого акционерного общества «Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати»

Ұсыныстар мен консультациялар алу үшін немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша хабарламамен Тараз қаласы Сулейманов көшесі, 7-үй, №1.2.107-кабинетінде орналасқан Комплаенс-қызметінің кеңсесіне хабарласуға болады.

Байланыс жасайтын тұлғаның өтініші бойынша біз 100% анонимділікке кепілдік береміз!

Университет қонақтарына, студенттеріне және қызметкерлеріне арналған комплаенс қызметі барлық нысандарда ақпараттық парақшаларды орналастырды.

Біздің байланыс телефонымыз: 8(7262) 51-00-12
Жұмыс уақыты: дс-жм сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін

Top