Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 39 бабына сәйкес ҚР ЖОО 2021 жылдан бастап өзіндік үлгідегі білім дипломдарын бере бастады. Мұқабаның безендірілуі: мұқабаның жоғарғы жағында университет атауы, ортасында – университет логотипі орналасқан. Логотиптің астында мемлекеттік тілде «Диплом» атты құжаттың атауы жазылады.   

Диплом бланкілерінің сипаттамасы мен құрылымы:

  1. «Ұйымның толық атауы» тіркесінен кейін үш тілдегі атауы көрсетіледі:
  • бланкінің сол жақ үстіңгі бөлігінде «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының»;
  • бланкінің оң жақ жоғарғы бөлігінде «Некоммерческого акционерного общества «Таразский  региональный университет имени М.Х.Дулати»»;
  • бланкінің оң жақ төменгі бөлігінде «Non-profit Joint Stock Company «Taraz Regional University named after M.Kh.Dulaty»».
  1. «Аттестациялық комиссия шешімімен» сөздерінен кейін хаттаманың (бар жағдайда) күні, жылы және нөмірі көрсетіледі.
  1. «Тегі, аты, әкесінің аты (бар жағдайда)» сөздерінен кейін жеке куәлігіне сәйкес аты-жөні көрсетіледі. Қазақ тіліндегі тегі септелмей түпнұсқада қалуы тиіс. Шетел азаматының тегі, аты, әкесінің аты (бар жағдайда) орыстілді транскрипциямен ұлттық және шетелдік паспорт мәліметіне сәйкес жазылады. Транскрипция оқу орнын бітірген түлекпен келісілуі тиіс.
  1. «Тегі, аты, әкесінің аты (бар жағдайда)» жолынан кейін дәрежесі немесе бағыты (ғылыми-педагогикалық немесе бейіндік) көрсетіледі.

Одан кейін мамандықтың/білім бағдарламасының коды және атауы көрсетіледі

  1. «Оқу түрі» (бар жағдайда) сөздерінен кейін оқу түрі көрсетіледі: күндізгі, сырттай, дистанциондық технологияларды пайдаланып оқу
  2. Диплом және дипломға қосымшаның (транскрипт) «Басшы» сөзі жазылған жолға Басқарма Төрағасы – Ректордың қолы қойылады
  3. «Басшы» сөздерінен кейін бланкінің нөмірі мен сериясы, оған қоса түлектің QR-коды көрсетіледі
  4. Төменгі бөлігінде бланкінің берілу уақыты: күні (санмен), айы (жазбаша) және жылы (төрт сандық цифр), берілетін бланкілердің тіркеу кітабы бойынша бланкінің тіркеу номері көрсетіледі

Бланкінің сырт жақ ортаңғы бөлігінде университет логотипі көрсетіліп, жоғарғы бөлігінде университет атауы, төменде білім деңгейіне сәйкес диплом атауы – «жоғары білім туралы диплом (жоғары білім туралы үздік диплом), магистр дипломы» жазылады.

ДИПЛОМ ҮЛГІЛЕРІ

  1. «Бакалавр» дәрежесін беру туралы өзіндік үлгідегі диплом (қатты мұқаба)

 

  1. «Бакалавр» дәрежесін беру туралы өзіндік үлгідегі үздік диплом (қатты мұқаба)

 

  1. «Магистр» дәрежесін беру туралы өзіндік үлгідегі диплом (қатты мұқаба)

Loading...

Top