МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Қызмет бағыты

Департаменттің басты мақсаты университет брендін қалыптастыруға оң әсер ететін маркетингтік және кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру. Жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және студенттермен тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Студенттер ішінде инновациялық идеяларды, әлеуметтік және бизнес жобаларды жүзеге асыру үшін жұмысты ұйымдастыруға және тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау.

  • имидждік және кәсіптік бағдарлау жұмысы шеңберінде маркетингтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • университеттің іс-шаралары мен қызметі туралы жұртшылықты уақытылы хабардар ету үшін БАҚ-пен, қоғамдық ұйымдармен және басқа да арналармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • Қазақстанның барлық өңірлерінде университеттің танымалдылық деңгейін арттыру;
  • университет пен оның бөлімшелерінің қызметі туралы презентациялар, бейнероликтер, баспа және өзге де имидждік өнімдер жасау;
  • департаменттің міндетіне сәйкес, сондай-ақ серіктестіктің органдары, басшылығы және ішкі нормативтік құжаттары айқындайтын өзге де функциялар;
  • департамент жұмысын жетілдіруге бағытталған процестердің жай-күйін болжау және басқару;
  • жұмыскерлерден еңбек тәртібін бұзған жағдайда жазбаша түсініктеме талап ету;
  • жұмыскерлерді марапатқа ұсыну үшін материалдар дайындау;
  • жұмыскерлерді материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар дайындау;
  • еңбек қызметі үрдісінде жұмыскерлердің кәсіби, іскерлік және моральдық қасиеттерін зерделеу;
  • департамент еңбек тәртібінің жағдайын және жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауын бақылау;
  • министрліктер мен ведомстволардан, мекемелерден, ұйымдардан, әкімдіктерден, жоғары оқу орындарынан және басқа да заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен барлық хат-хабарларды орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • университеттің даму стратегиясын жүзеге асыру;
  • СМЖ талаптарын орындау.
Top