ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
![]() |
ҚМҒЗИ директоры – Сағындықов Аймахамбет Әбуталіпұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор. Байланыс мәліметтері: тел.: 52-18-01, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
![]() |
ҚМҒЗИ - ның негізгі мақсаты табиғи және техногендік шикізатты қайта өңдеу саласындағы өзекті мәселелерді шешу, құрылыс материалдарының индустриясында шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа импортты алмастыратын, ресурс үнемдейтін қалдықсыз технологиялар мен жоғары тиімді құралдарды құру болып табылады.
Ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен келесі ғылыми жобалар әзірленді:
- Фосфогипсқа негізделген композициялық тұтқыштар мен бетондарды өндірудің ғылыми негіздерін және технологиясын жасау;
- Топырақты блоктардың ғылыми негіздерін және технологиясын майланған топырақтарының және композициялық байланыстырғыш негізінде жасау;
- Фосфогипсқа негізделген ангидритті байланыстырғыштардың технологиясы;
- 4. Техногенді қалдықтар негізінде күкірт-бетон өндірісінің технологиясы;
- Мұнай өнеркәсібінің қалдықтарына негізделген құрылыс технологиясын және арнайы материалдарды әзірлеу және енгізу;
- Жол төсемін салу кезінде түйіршікті қожды және фосфогипсті қолдану;
- Домна пеші, фосфор қождары, құмдар, саздақтар және көп функционалды қоспалар негізінде төмен энергияға негізделген керамикалық материалдарды өндіру;
- Технологияларды және жоғары кеуекті силикат материалдарын әзірлеу.
Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институтының қызметі университеттік СМЖ 12/1-3.3.01-2018 «Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институты» ҚБН реттеледі.
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
![]() |
АТӨӨҒЗИ директоры – Мыңбаева Айжан Бердалықызы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Байланыс мәліметтері: тел.: 45-36-60, моб.: 87011250840, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
![]() |
АТӨӨҒЗИ қызметінің мақсаты - тағамдық және ауылшаруашылық шикізатты қайта өңдеу саласындағы өзекті ғылыми проблемаларды шешу, қайта өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа импортты алмастыратын, ресурс үнемдейтін қалдықсыз технологиялар мен жоғары тиімді құралдарды құру болып табылады.
Азық-түлік өнімдерін өндіру ғылыми-зерттеу институтында өсімдік майын, нан өндіру және нантоқаш өнімдері бойынша, сонымен қатар ұлттық қышқылсүт сусындарын өндіру және қайта өңдеу бойынша технологиялық схемалар жасалған. Талаптарға сай келетін және жоғары сапалық көрсеткіштері бар бидай, арпа жармаларының және басқа тағамдық өнімдердің тәжірибелік партиялары шығарылды.
АТӨӨҒЗИ келесі инновациялық жобалар жасалынды:
- Өсімдік тектес шикізат композиттік қоспасын пайдалану негізінде ұлттық қышқылсүт сусынын өндіру бойынша технологияны жасау;
- Ұзақ мерзімге сақтауға қымыз өндіру технологиясын жасау.
Азық-түлік өнімдерін өндіру ғылыми-зерттеу институтының қызметі университеттік СМЖ 12/1-3.2.01-2018 «Азық-түлік өнімдерін өндіру ғылыми-зерттеу институты» ҚБН реттеледі.
«СЕНІМДІЛІК» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
![]() |
«Сенімділік» ҒЗО директоры – Әлімбаев Базартай Әлімбайұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор. Байланыс мәліметтері: тел.: 43-35-22, моб.: 87772435638, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
![]() |
«Сенiмдiлiк» ҒЗО мақсаты - Жамбыл облысындағы кәсiпорындарға, ұйымдарға және халыққа конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс жағдайын бағалауға, сондай-ақ алдын ала төтенше және төтенше жағдайлар кезiнде құрылыс алаңдарын нығайтуға және қайта жаңартуға инженерлік қызметтер көрсету болып табылады.
«Сенiмділік» ҒЗО қызметінің негізгі бағыттарына жататындар:
- көне Тараздың архитектуралық ескерткіштерін тексеру және паспорттарын жасау;
- өндірістік, азаматтық және су нысандарының жаңа және қайта құру құрылысының жобаларын әзірлеу;
- өндіріске және университеттің оқу процесіне ғылыми әзірлемелерді енгізу;
- докторанттар, магистранттар мен студенттердің құрылыс саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- құрылыс және жобалау ұйымдарына ғылыми және әдістемелік көмек көрсету және консультациялық қызметтер көрсету;
- құрылыс саласында халықаралық тәжірибе негізінде мамандарды даярлау және тәжірибеден өту.
«Сенiмділік» ҒЗО қызметі университеттік СМЖ 12/1-3.4.01-2018 «Сенiмділік» ҒЗО ҚБН реттеледі.
«ТҰЛПАР» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҚ
![]() |
«Тұлпар» ҒӨО директоры – Баймуратов Даурен Шарипович, техника ғылымдарының кандидаты, Байланыс мәліметтері: тел.: 8(7262)42-63-07, моб.: 87051888380, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
![]() |
«Тұлпар» ҒӨО қызметінің мақсаты: халыққа ғылыми және өндірістік қызметтер көрсету; көлік құралдарының агрегаттары мен қондырғыларын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; көлік құралдарын сервистік күтуге арналған жаңа технологияларды жасау.
«Тұлпар» ҒӨО «В» категориялы жүргізушілерді, трактористерді, манинистерді, газоэлектросварщиктерді және автослесарлерді дайындау бойынша Жамбыл облысының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Жыл сайын орталықтан орташа есеппен 150 адам жұмысшы мамандығын алады.
«Тұлпар» ҒӨО «В» категориялы жүргізушілердің 8 тобы дайындалады. «Аutoсad» алгоритмді бағдарламаны пайдалану бойынша тыңдаушыларды жүйелі түрде дайындау жүргізіледі және осы бағдарлама бойынша 48 студент және МГжМ факультетінің оқытушылары сертификат алды. Жалпы соңғы 3 жылда орталықпен 2,5 млн. теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.
«Тұлпар» ҒӨО қызметі университеттік СМЖ 12/1-3.9.01-2018 «Тұлпар» ҒӨО ҚБН реттеледі.
«АЛГОРИФМ» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ
![]() |
«Алгорифм» ҒӨО директоры – Алтыбаев Ғабит Стамбекұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. Байланыс мәліметтері: тел.: 45-55-34, моб.: 87012572373, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
![]() |
ҒӨО қызметінің негізгі мақсаты өлшемдерді автоматтандыру және деректерді жинау, жаңа автоматтандырылған зертханалық стендтерді құру және оларды оқу үдерісіне енгізуге арналған заманауи сандық аппараттық-бағдарламалық кешендерді дамыту саласындағы өзекті мәселелерді шешу болып табылады. «Алгорифм» ҒӨО қызметкерлері ДК негізінде әмбебап бақылау өлшеу кешенін құрды.
ҒӨО-да Cisco желілік академиясының желілерін құру және күту саласындағы білікті мамандарды дайындауға қамтамасыз ететін, сондай-ақ Cisco желілік академияларына консультациялық және техникалық қолдау көрсетеді.
Бұдан басқа, орталықтың қызметкерлері кәсіпорындардың бұйрықтары бойынша бұлтты және мобильді қосымшаларды әзірлеуге қатысады.
Қазіргі уақытта ҒӨО қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл филиалы үшін Интернет-порталды дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Алгорифм» ҒӨО қызметі университеттік СМЖ 12/1-3.9.01-2018 «Алгорифм» ҒӨО ҚБН реттеледі.
«КРЕАТИВ» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ
![]() |
«Креатив» ҒӨО директоры – Насибуллина Амина Валиевна. Байланыс мәліметтері: тел.: 51-94-10, моб.: 87072742483, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
«Креатив» ҒӨО қызметінің мақсаттары: қосымша мамандандырылған біліммен жоғары кәсіби кадрларды даярлау үшін қолайлы жағдай жасау; аймақтық бизнесті дамытуға жәрдемдесу; инновациялық университет ретінде М.Х. Дулати атындағы ТарМУ имиджін нығайту.
«Креатив» ҒӨО қызметінің бағыттары:
- жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға бизнестің әр-түрлі аспектілері бойынша оқыту семинарлары мен тренингтерін ұйымдастыру;
- университет қызметкерлерін, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерін кәсіптік оқытуға қызмет көрсету;
- конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, пікірта- ластар ұйымдастыру;
- бизнес-жоспарлау, белгілі бір тауарларға, қызметтерге, технологияларға және т.б. нарықтарға маркетинг және мониторинг жүргізу саласындағы қызметтер көрсету;
- бизнес және басқару консалтинг; экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда жергілікті билік органдарына көмек көрсету.
«Креатив» ҒӨО қызметі университеттік СМЖ 12/1-3.6.01-2018 «Креатив» ҒӨО ҚБН реттеледі.
ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ
![]() |
Физика-химиялық зерттеулер орталығының директоры - химия ғылымдарының кандидаты, доцент Масалимова Бақытгүл Қабыкенқы. Байланыс мәліметтері: тел.: 45-59-97, моб.: 87753067519, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
Физика-химиялық зерттеулер орталығы 2014 жылы «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасында ашылды.
Физика-химиялық зерттеулер орталығының негізгі қызметі:
- концентрация процесін зерттеу, фосфор қышқылын алу және диаммоний фосфатты өндіруді тазарту;
- мыс, титан және хром қосылыстарына негізделген экологиялық таза зиянсыз гетерополиясыз комплекстердің физика-химиялық қасиеттерін синтездеу және зерттеу;
- дисперсті жүйелермен амидофункционалды полиэлектролиттер, фосфор өнеркәсібіндегі карбокс-, амид-функционалды полиэлектролиттерді қолдану технологиясын дамыту;
- өтпелі металдармен цистеин негізіндегі наноцентрозды заттардың физика-химиялық қасиеттерін синтездеу және зерттеу;
- экологиялық объектілерде ластаушы заттарды анықтау әдістерін әзірлеу.
Физика-химиялық зерттеулер орталығының қызметі университеттік СМЖ 12/1-3.7.01-2018 Физика-химиялық зерттеулер орталығының ҚБН реттеледі.
«ТАЛАС-ШУ ФОЛЬКЛОРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ
![]() |
«Талас-Шу фольклоры және халық әдебиеті» ғылыми орталығының директоры - Нусупова Асима Женисбековна, доцент м.а., ф.ғ.к. Байланыс мәліметтері: тел.: 8(7262)50-05-59, моб.: 87771221079, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
«Талас-Шу фольклоры және халық әдебиеті» ғылыми орталығы 2015 жылы «Филология және журналистика» кафедрасының жанынан құрылды. Оның жұмысына кафедра профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және студенттер кеңінен тартылды.
ҒО - жұмысы Талас-Шу өңіріндегі ауыз әдебиеті түрлері мен халық әдебиеті үлгілерін жинауға, оны ғылыми тұрғыдан жүйелеуге, зерттеуге бағытталады.
Ғылыми орталықтың қызметі Шу және Талас өңірі ауыз әдебиеті түрлері мен халық әдебиеті үлгілерін жинап, жүйелеу, зерттеу және жастардың елжандылық, танымдық қасиеттерін күшейту, зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.
Осыған орай мынандай міндеттер орындалады:
- өлкетану жұмысын жолға қою, ел, жер тарихына қатысты материалдарды студенттердің қатысуымен жинау, ғылыми жүйелеу және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- фольклорлық, диалектологиялық экспедицияларды жүзеге асыру;
-Ұлттық Ғылым Академиясының қолжазба қорымен жұмыс істеп, Талас-Шу өңіріне қатысты материалдарды қарастыру, ҒО қорына қосу; мұрағаттармен жұмыс істеу;
-өткен жыларда мерзімді басылым беттерінде және кітаптарда жарияланған Талас-Шу өңіріне қатысты материалдарды жинау.
«Талас-Шу фольклоры және халық әдебиеті» ғылыми орталығының қызметі СМЖ ҚБЕ 12/1-3.8.01-2018 арқылы рәсімделеді.
«ӨҢІРТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
![]() |
«Өңіртану»ғылыми-зерттеу орталығының директоры-Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Байланыс мәліметтері: тел.: 8(7262)50-05-59, моб.: 87014702054 |
«Өңіртану» ғылыми-зерттеу орталығы 2018 жылы университетін құрылымдық бөлімі ретінде ашылды.
ҒЗО-ның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын Әулиеата өңірінің тарихын студенттерге, жалпы әлеуметке және әртурлі деңгейдегі қауымдастық мүшелеріне Отанымыздағы қоғамдық процестерді, олар өздері көріп-біліп жүрген жергілікті деңгейдегі қоғамдық құбылыстар арқылы ғылыми тұрғыда түйсіндіріп, насихаттау болып табылады.
Ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің негізгі міндеттері мынадай:
- Әулиеата өңірі тарихына қатысты библиографиялық тізбе дайындау.
- Облыс аумағында орналасқан мемлекеттік мәндегі тарихи ескерткіштерді, осыларға жауапты мекемелермен бірлесе отырып сараптап-зерттеу және осы негізде магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жолға қою.
- Әулиеата өңірі тарихына қатысты деректемелік негіз көздерін тауып, оны ғылыми тұрғыда өңдеп дайындау арқылы оқу процесіне енгізу.
- Тарихи салада қалыптасқан алдыңғы қатарлы тәжірибені үйрену мақсатында жоғарғы дәрежелі мамандарды республикамыздың жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарына стажировкаға жіберу.
- ҚР заңдылықтарына кереғар келмейтін басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетуларді жүзеге асыру.
- Әулиеата өңірінің республикамыздағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени және экономикалық маңыздылығын нақтылай отырып, осыған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, оның тарихын қазіргі заман тұрғысындағы көзқараста қайта жазып шығу.
- Әулиеата өңірі тарихының атаулы кезеңдеріне (күндеріне) сәйкес түрлі деңгейлердегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіп тұру.
- Магистранттар мен білімгерлерге арналған түрлі тақырыптардағы оқу және оқу-әдістемелік құралдарын дайындау.
- Оқытушылардың, магистранттар мен білімгерлердің түрлі деңгейлердегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуына жағдай жасап, ғылыми тұрғыда консультациялар беру.
«Өңіртану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметі СМЖ ҚБЕ 12/1-3.10.01-2018 арқылы рәсімделеді.