«ДУЛАТИТАНУ ЖӘНЕ ӨҢІР ТАРИХЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы

Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.

Мекен-жайы: Төле би № 62а 305 каб.

Тел.: 87014702054

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

«Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығы 1999 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуіне орай, универсиетте 1999 жылғы 18 қаңтарда шыққан «О создании центра по изучению творчества М.Х.Дулати» атты №10 бұйрығына байланысты құрылды.

«Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығының» алғашқы құрылтайшысы – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты. (Хаттама №1, 1 қыркүйек 2014 жыл). 

2023 жылы екі орталық бірігіп «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы болып  аталды.

Орталықтың негізгі мақсаты – ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері және тарихшы, ақын, әрі дипломат  Мұхаммед Хайдар Дулати мұраларын жан-жақты зерттеу, насихаттау болып табылады. Тараз өңірі мен Әулиеата уезінің тарихы бойынша бұрын жарық көрмеген архив құжаттарын жинастыру, қордаланған материалдардың негізінде көптомдық құжаттар жинағы мен монографиялық еңбектер даярлау. Ғылыми  орталықтың бастамасымен 1999 жылдан бері ғылыми-зерттеу жинақтары және дәстүрлі «Дулати оқулары» конференция материалдары тұрақты шығып келеді.

Ғылыми  орталықтың соңғы уақыттағы ғылыми-ізденіс жұмыстары: Университетте дәстүрлі түрде  «Дулати оқулары» өткізіледі. Осы уақытқа дейін М.Х. Дулатидің өмірі мен шығармашылығына арналған 11 рет Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді. Конференцияға Отандық және шетелдік дулатитанушы ғалымдар үнемі ғылыми-зерттеу мақалаларын талқылап, жариялап отырады. М.Х.Дулати мұраларын ұлықтау ісі жан-жақты насихатталып, өзінің ылайықты жалғасын таба бермек.