ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСТАР

Университет ғалымдары сыйлықтар, гранттар, атаулы стипендиялар алуға арналған түрлі конкурстарға белсенді қатысады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» ҒЖБМ байқауында соңғы 3 жылда Дулати университетінің 6 оқытушысы жеңімпаз атанды.

2023 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары химия магистрі «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Р.Құдайбергенова және т. ғ. к. «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының профессоры М.Ш. Джунисбеков ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландырудың ғылыми жобаларының жетекшілері болып табылады. "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағына ие болған екі оқытушысының жүлде қоры - 13 800 000 тенгені құрады. Жалпы алғанда 2018 жылдан бастап біздің университеттің 26 оқытушысы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"байқауының жеңімпаздары атанды.

 

ЖОО ның үздік оқытушысы

Үздік ғылыми қызметкер

Ғылыми стипендиялар мен сыйлықтар

Top