АНАЛАР КЕҢЕСІ

АНАЛАР КЕҢЕСІ

Жантаева Ардак Мыктыбековна

ЖАНТАЕВА АРДАҚ МЫҚТЫБЕКОВНА

Аналар кеңесінің төрайымы

"Экономика" кафедрасының аға оқытушысы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кеңес туралы

2019-2020 оқу жылының басында университеттің Аналар кеңесінің мүшелері 20 адамды құрады, қажет болған жағдайда Кеңес құрамы М.Х.Дулати Тараз өңірлік университетінің Аналар кеңесінің ұйымы туралы ережеге сәйкес жаңартылып, толықтырылып отырады.

Бұл кеңестің құрамына белсенді аналар мүше ретінде қабылданған. Олардың қатарында Дулати университетінің қызметкерлері мен ұстаздары бар.

Кеңестің қызметі жыл сайын жасалатын бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеңестің барлық мүшелері әрқайсысының ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып, жұмысты жоспарлауға белсенді қатысады. Аналар кеңесінің отырысы «Аналар кеңесі туралы» Ережегежәне жаңа оқу жылында бекітілген жоспарға сәйкес үнемі өткізіліп тұрады. Біздің басты міндетіміз, ол отбасылық құндылықтарды сақтау,келешек ұрпақтың тәрбиесіне баса назар аудару.

Бүгінгі әр-бір қазақстандық үшін өзіндік дара қасиеті болған мейірбандық, қонақжайлылық, адалдық, жанашырлық, үлкендерді сыйлау тәрізді ұлттық ерекшеліктеріміздің жас ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор. Осы құндылықтарды дарытуда ананың атқарар үлесі өте үлкен.

Әйелдер қауымы жас ұрпаққа өзіміздің бойымыздағы ұлттық салт-санамызды, дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды,тілімізді, әдебиетімізді, бойымыздағы барлық ұлттық рухани құндылықтарымызды жас ұрпаққа дарытушы біз аналар. Бәрі де анадан бастау алады.Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Яғни, туған жерге деген патриоттық сезім де, адалдық та жанұядағы ата-ананың тәрбиесі арқылы қалыптасады.

Отбасындағы құндылықтарды сақтауға нәзікжандылардан құралған бұл кеңестің әсері зор. Аналар кеңесінің мүшелері студенттерімен кездесіп, отбасы құндылықтарын нығайту, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, жат қылықтардан бойды аулақ ұстау сияқты маңызды тақырыптар бойынша әңгімелесулер мен іс-шаралар жүргізді. Студенттерімен «Қыз тәрбиесі», «Қыз, әйел, ана» тақырыптарында дөңгелек үстел отырыстары да ұйымдастырылды. «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дегендей, отбасы мен орынтақтың тірлігін қатар ұстап келе жатқан нәзікжандылардан құралған аналар кеңесінің атқарған жұмысы ауқымды. Алдағы мақсаттар да айқын. Ендеше, өскелең ұрпақты өнеге шуағына бөлеуді мақсат тұтқан кеңестің байыпты бастамаларына сәттілік серік болғай!

Хаттамалар
Top