СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне қарасты 3 Студенттік жатақхана орналасқан. №1 (Ниетқалиев,2) Студенттер жатақханада – 510 орын, №2 (Сәтпаев, 25) Студенттер жатақханасында – 212 орын, №3 (Жамбыл даңғылы, 16А) Студенттер жатақханасында – 420 орынмен қамтылған.

«Жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес ұсынылады (әлеуметтік жеңілдікпен қамтылған студенттерге жатақханадан міндетті түрде орын беріледі). Ең бірінші орында мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе бірінде мүгедектігі барлар; ауыл жастары қатарынан шыққан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқуға түскен адамдар; сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылмайтын қандастар; «Алтын белгі» иегерлері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар; ҰБТ қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылданған бірінші курс білім алушылары; білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етіледі. 

Студенттер жатақханаға орналасу кезінде «Жатақханада тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтары» екі тілде түсіндіріледі. Оларға жеке-жеке әр қайсысының қолына ереже (памятка) беріліп, студенттерге Жатақханада тұру қауіпсіздігін сақтау мақсатында өртке қарсы бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылып, сонымен қатар студенттердің тұрмыстық жағдайлары мейлінше жақсартылған. Студенттер үйінің тұрғындары ғаламтор ресурстарын қалыпты қолдану және спорттық-мәдени іс-шаралармен айналысу мүмкіндіктеріне ие. Студенттер жатақханаларында оқытушылар кезекшілік міндеттерін атқарып, Студенттік кеңестері мен Студенттік старостаттарының да жұмыстары тиімді ұйымдастырылуда. Жатақхана студенттері уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі патриоттық, рухани, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс шаралар ұйымдастырылады.

р/с

Жатақханалар

Орын саны

Жалпы аумағы

Бөлмелер саны

1

№1 Студенттік жатақхана (Ниетқалиев, 2)

510

5752,3м2

178 бөлме

2

№2 Студенттік жатақхана (Сатпаев, 25)

204

3501,0м2

40 секция

3

№3 Студенттік жатақхана

(Жамбыл даңғылы, 16А)

420

4820,0 м2

75 бөлме

ТҰРУ ҚҰНЫ

№ п/п

Студенттік жатақхананың атауы, мекен-жайы

Өлшем бірлігі

Оқу жылына тұру құны

Бір айдағы тұру құны

1

№1 жатақхана, Ниетқалиев к-сі, 2

1 адамнан теңге

40 000

4 000

2

№2 жатақхана, Сәтпаев к-сі, 25

1 адамнан теңге

40 000

4 000

3

№ 3 жатақхана, Жамбыл даңғылы, 16а

1 адамнан теңге

40 000

4 000

4

№4 жатақхана, Сәтпаев к-сі, 28-б

1 адамнан теңге

60 000

6 000

"Университет жатақханасынан орын беру бойынша автоматтандырылған қызмет көрсету" ережесі

№ 1 Жатаханадағы коменданттар туралы мәлімет

№ 2 Жатаханадағы коменданттар туралы мәлімет

СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДА ОРЫНДАРДЫ БӨЛУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ

foto stud obwaga1

foto obwaga osvr 1

2018 жылы жалпы ауданы 8947,40 м2 болатын 500 орындық жаңа студенттік жатақхананың құрылысы басталды. Жатақхананың іргетасын қалауға университеттің құрметті түлегі (1987 ж.) және Дулати университетінің құрметті профессоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықова қатысты.

 

 

2

 

DSC 0937

 

DSC 0944

 

DSC 1033

 

DSC 2809

 

DSC 2813

 

DSC 4871

Top