Жоспарлау-экономикалық басқарма

ЖЭБ мақсаттарына:
- университеттің кезекті қаржы жылына арналған даму жоспарын жасау, оның орындалуын қадағалдау;
- қаржылық көрсеткіштерді экономикалық талдау және даму жоспарын түзету;
- барлық қызмет түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың жыл сайынғы сметасын жасау;
ЖЭБ қызметінің негізгі қызметтік міндеттеріне жататындар:
- қаржыландыру көздері бойынша персоналдар категориясы туралы штат кестесін құру;
- тиісті бюджет негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу. (даму жоспары)
- мемлекеттік сатып алу жоспарының сақталуын бақылау және даму жоспары бойынша шығыстарды талдау;
- университеттің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын, сондай-ақ университеттің қарамағындағы басқа да қаражатты мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
- университет көрсететін ақылы қызметтерге баға саясатын қалыптастыру;
- басқарма қызметіне байланысты құжаттарды, сметаларды, калькуляцияларды және басқа құжаттарды ресімдеуге қатысты жұмыстарды жүргізу кезінде университеттің құрылымдық бөлімшелеріне кеңес беру және көмек көрсету;
- университет қызметінің нақты түпкілікті қаржылық нәтижелерін анықтау, жоспарланған көрсеткіштермен салыстыру, жоспарлы көрсеткіштерден ауытқу себептерін анықтау, жағымсыз құбылыстарды жою бойынша шаралар әзірлеу;
- жоспарлау басқармасының жұмысын жетілдіруге бағытталған процестердің жай-күйін болжау және басқару;
- университеттің өндірістік қызметін басқа құрылымдық бөлімдермен қамтамасыз ету мақсатында өзара байланысын ұйымдастыру;
- жұмыскерлерден еңбек тәртібін бұзған жағдайда жазбаша түсініктеме талап ету;
- жұмыскерлерді марапатқа ұсыну үшін материалдар дайындау;
- жұмыскерлерді материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар дайындау;
- еңбек қызметі үрдісінде жұмыскерлердің кәсіби, іскерлік және моральдық қасиеттерін зерделеу;
- ЖЭБ еңбек тәртібінің жағдайын және жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауын бақылау;
- министрліктер мен ведомстволардан, мекемелерден, ұйымдардан, әкімдіктерден, жоғары оқу орындарынан және басқа да заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен барлық хат-хабарларды орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- университеттің даму стратегиясын жүзеге асыру.