М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөліміне Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ шетел азаматтарын  оқытуға мемлекеттен бейімділігіне қарай техникалық жаратылыстану және гуманитарлық бағыттарында білім алады.

Дайындық бөлімі ұлты қазақ, ҚР азаматтары болып табылмайтын алыс-жақын шет елдерде тұратын қазақ диаспорасы мен репатрианттарын оқытуға арналған бөлім болып табылады.

Дайындық бөлімі үлгілік оқу жоспары негізінде келесі пәндер бойынша оқытуды ұйымдастырып, жүргізеді.

Негізгі пәндер :

  1. Қазақстан тарихы
  2. Оқу сауаттылғы
  3. Математика сауаттылық

Таңдау пәндері :

  1. Математика-Физика;
  2. Химия-Биология;
  3. Ағылшын-Дүние жүзілік тарих;
  4. Дүние жүзілік тарих-География:

Оқытудың қосымша түрлері бойынша:

1.Қазақ тілі 

2.Орыс тілі

3.Информатика

4.Дене шынықтыру

Аталған пәндерді оқи отырып, мамандық таңдауына үлкен септігін тигізеді.

Оқу үрдісі

Сабақ екінші ауысымда оқытылады. Оқу мерзімінің ұзақтығы 9 ай. Дайындық бөлімінде университетіміздің тәжірибиелі профессор-оқытушы құрамы заманауи оқу-технологияларын , тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдана отырып дәрістер откізеді.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарымен, ұлттық тарихымен жете танысады. Ата жұртқа бейімдеу мақсатында оңтүстік өңірдегі киелі жерлермен Арыстан Баб, Қожа АхметЯссауи, Айша Бибі, Қарахан баба,Тектұрмас сынды тарихи ескерткіштермен  мәдени орындармен таныстырып отыру, олардың мән-маңызын кеңінен түсіндіру дәстүрге айналған. Тыңдаушылар университетөміріндегі іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Оқуға қажетті құжаттар:

  1. Орта білімі туралы аттестат, орта-арнайы білімі туралы құжат (колледж, лицей дипломы)
  2. Төлқұжат (шет елдің паспорты, ықтиярхат)
  3. 6 дана 3х4 фотосурет
  4. У № 075 формалы медициналық анықтама

Құрметті талапкер!

Сіз, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінде оқып, жоғары оқу орындарының мемлекеттік грант иегері  атана аласыз!!!

Біздің мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы

Қабылдау комиссиясы - Төле би көшесі, 60

Төле би көшесі, 62, 3-1-корпус, 208 каб.

Дайындық бөлімінің техникалық хатшыларының байланыс телефоны: +77002209191, +77053975512

Top