Ғасырлар биі

29.02. 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған Тармудың гуманитарлық – әлеуметті  ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының жанынан құрылған «Belle Art» би ансамблінің шығармашылық есеп беру концерті болып өтті.  Бағдарламада ежелгі грек елінің дәуірлік «Бастау» этнографиялық копозициясынан

  «Менуэт» тарихи кезеңге жалғасып, одан әрі әрекет арқылы сюжеттік,бүгінгі заманауи  «Мекано» вальсіне ауысады. Қызуқанды испан биі «Фламенко» оқиғалық көркем қазақ биі «Шашу» және «Көктем» сияқты ұлттық нақышқа құрылған ұлы дала өрнектерінен  бағдарламаның шарықтау шегі - бүгінгі хореграфиялық дәстүрінен көрініс беретін «Қарсыласу», «Сезіну», «Контемпорари» би қойылымдары арқылы  Art Miks – ом модерн жанры бойынша  жарқ еткен би кереметі арқылы  шешімін табады. Әр номердің арасын тақырыпты ашу мақсатында жасалған сиқырлы саздың үнімен бүкіл көрерменді баурап алған слайд, видеофрагменттер керемет үйлесім тапқан. Кафедра меңгерушісі А.Қ.Қабиева бастаған ұстздар А.Т.Ермуратова, Б.К. Көшербаева, П.С.Куненова іс-шараның жаңа форматта өткендігін ерекше атап өтті. Көрермендер мен ата –аналар атынан ансамбль жетешісі, хореограф  З.Р. Ахметшинаға үлкен алғыс айтылды.

Top