АДАМ БОЙЫНДАҒЫ АСЫЛ ҚАСИЕТ

«Қазақ, орыс тілі» кафедрасының  аға оқытушысы: Тулегенова Зульфия Джаналиевнаның ұйымдастыруымен қараша айының 16 күні сағат 12.00-де технологиялық факультетінің 3курс студенттері «Адам бойындағы асыл қасиет» атты тақырыпта ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты:а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, адам бойына адамгершілікті сіңіру.

ә) Адам ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Ашық сабақта уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім, саналы ұрпақ болады» деген данышпан халқымыздың дана сөздерінен дән іздеу керек.

Top