АПТА АШЫҚ САБАҒЫ

     «Қазақ және орыс тілі» кафедрасының  аға оқытушысы Түлегенова Зульфияның ұйымдастыруымен «Здоровье человека-здоровье нации» , «100 кітап. Әлем музыкасының тарихы» , "Тараз жемчужина мировой истории" тақырыптарында ашық сабақтар өтті.

      Ұйымдастырылған бұл іс-шаралар Zoom платформасы арқылы, студенттердің онлайн қатысуымен жүзеге асты. Алғашқы ашық сабақта ұлт саулығы, жастардың денсаулығы мен зиянды әдеттердің зардабы жайлы сөз қозғалса, «100 кітап. Әлем музыкасының тарихы» сабағында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында аударылған "Әлем музыкасының тарихы» кітабының мазмұны жан-жақты ашылды. Бұл кітап музыкатанушылар мен өнертанушыларға, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналған. Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы өзара байланыс пен музыка тарихындағы маңызды кезеңдер турасында жазылған. Ежелгі өркениеттерден бастап, орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдарының теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы, түрлі мәдени қақтығыстар жан-жақты қарастырылған.

     Келесі ашық сабақта тарихтың діңгегі – Тараз қаласының тарихы, мәдениеті, әлем тарихында көне қаланың алатын орны айтылды.

     Ашық сабақтарда видеороликтер мен қызықты слайдтар көрсетілді. Сабақ барысында студенттер өз ойларын айтып, өзара пікір алмасты.

алем муз2

Медиа-қызмет

Top