ОЙ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ

Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан Дулати университетінің 1-курс студенттері арасында жекелей онлайн жарыс өтті. Жарысқа 14 студент қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, нәтижесінде 1-орынды Гулдерай Кенгесбаева (ТФ),  2-орынды Мұрат Орман (ФИТАТ), 3-орынды Әсет Тәкен (ГӘҒФ) иеленді.

Жарыс нәтижесінде жастарымыздың ұлттық ойындарға деген қызығушылығы барын байқадық. Бұл өте қуантарлық жағдай. Студенттер тарапынан алдағы уақыттарда осындай жарыстарды көбірек ұйымдастыру керектігі айтылды.

2

Жанар Қамысбаева, «Дене тәрбиесі»

кафедрасы аға оқытушысы

Top