«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН В.СОЛЛОГУБТЫҢ «БЕДА ОТ НЕЖНОГО СЕРДЦА» ВОДЕВИЛЬІ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен В.Соллогубтың «Беда от нежного сердца» водевильі қойылды

2021 жылдың 29 сәуірде  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының 1-3 курс орыс тобының студенттері В.Соллогубтың «Беда от нежного сердца» атты водевилін сахналады. Қойылым жыл бойында «Актер шеберлігі», «Режиссура», «Бос уақыттың көркемдік-педогогикалық технологиясы», «Театр ұжымының жетекшісі»  пәндерінен алған білімдерінің нәтижесі. Бұл іс-шара кафедраның аға оқытушылары М.Алим, Б. Избасаровтардың  ұйымдастыруымен өтті.

Толығырақ

КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының «КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ» атты студенттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген әдеби-сазды театралды кеш өтті.

2021 жылдың 22 сәуірінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  «Мәдениет және өнер» кафедрасының жоғарғы курс студенттері, 1курс студенттеріне арналған «КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ»  атты студенттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген әдеби-сазды театралды кеш өтті.  

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  «Мәдениет және өнер» кафедрасының тәрбие жұмысы Мемлекеттік жастар саясатының негізгі стратегиялық бағыттарын іске асыруды көздейді.

Толығырақ

9 МАМЫР ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ

9 мамыр  Ұлы Жеңіс күніне орай, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен факультет аралық тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Толығырақ

ЕҢСЕСІ БИІК – ҰЛЫ ЖЕҢІС

29.04.21 жылы Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Қазақ және орыс тілдері»  кафедрасының оқытушыларымен Ұлы Жеңістің  76 –жылдығына арналған «Еңсесі биік – ұлы Жеңіс», атты тәрбие іс-шарасы онлайн түрінде ZOOM платформасы арқылы өткізілді.

Толығырақ

«ЖҰЛДЫЗДЫ 100 ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АРМАН ЖАНАЛИЕВПЕН ОНЛАЙНДА СҰХБАТ

2021 жылы 23 сәуір күні «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды 100 түлек» атты онлайн сұхбат өткізілді. Кездесу кешінің қонағы осы «Мәдени – тынығу жұмысы» мамандығының түлегі, Республикалық қазақша КВН ойындарының ойыншысы, Республикалық «Әзіл әлемі» театрының белді актері, әлеуметтік желі арқылы блогерлікпен айналысып, отбасылық видеофильмдер түсіріп, танымал болып жүрген Арман Жаналиев. Онлайн кездесуге «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығының 1-3 курс студенттері белсене қатысты. Сұхбатты модератор, «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Куненова Файза Сайлаубекқызы Арманның шығармашылық өмірімен таныстырып, студенттермен қызықты әңгіме өрбіте отырып, бүгінгі студент жастардың шығармашылық бойынша білім алу, іздену, еңбектену,  маман болып қалыптасу барысында, жалпы еліміздегі мәдениет және өнер саласы бойынша жастардың беталысы,  қоғамдағы ролі жөнінде тағлымды сұхбат болды. МТЖ –ның 1 курс студенттері әр түрлі сұрақтар қойып, қонақпен тікелей ой бөлісті.

Толығырақ

«ҰЛЫЛАРДЫҢ ҮНДЕСТІГІ» АТТЫ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҮНДЕСТІГІ» атты театрландырылған музыкалық қойылым өтті.

Қоғамдық сананы жаңғырту ұзақ мерзімді сипатқа ие және Қазақстанның мәдени, рухани мұрасын сақтау һәм ілгерілету саласында іске асырылған «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» атты ірі бағдарламалары, Қазақстан жастарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделерімен, құндылықтарымен, перспективаларымен тығыз астасады және өзіне мәдениетті, мінез-құлық практикасын, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді, ғылымды, адамгершілік императивтерін қамтитын рухани негізге сүйенеді.

Толығырақ

«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ

«Мәдениет және өнер» кафедрасының 2020-2021 оқу жылына жоспар бойынша бекітілген аудандық және қалалық мектептермен Тараз қаласы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес колледждер атап айтсақ, Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы «Гродиков» орта мектебі, Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы «Б.Тайшапұлы атындағы» орта мектебі, Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы,  Бесағаш ауылы «Абай атындағы» орта мектебі, Тараз қаласы Құмшағал, массив Шөлдала, №55 орта мектептері, сонымен қатар Тараз қаласы «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары» колледжі бекітілген болатын.

Толығырақ

«ТӘУЕЛСІЗДІГІМ ТІРЕГІМ!» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2021 жылдың Сәуір айының 14 жұлдызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің №1,2,3 студенттік жатақханаларында тұрып жүрген студенттерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастырумен «Тәуелсіздігім тірегім!» атты патриоттық әндер кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты - жастардың  отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру арқылы оларға патриоттық  тәрбие  беру, Отанына, өзінің еліне деген құрметін арттыру, мәдениеті мен дәстүрін тануға көмектесу, сонымен қатар өнерге, әдемілікке баулу.

Толығырақ

ЖЫР АЛЫБЫ –ЖАМБЫЛ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған  «Жыр алыбы –жамбыл» атты дөңгелек үстелі өтті.

2021 жылдың 14 наурыз күні «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушылары А.Е.Молдазимова, П.С.Куненованың ұйымдастыруымен, Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 1 курс ВКДР20-01тобы студентерінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Толығырақ

ЖАС ҒАЛЫМДАР ТОП ЖАРДЫ

Назарбаев университеті және қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ЖАС ҒАЛЫМ – 2021» атты студенттердің III Республикалық ғылыми көрмесі өтті.

Ғылыми жобаға Филология ғылымдарының докторы,профессор Меруерт Рахымбайқызының жетекшілігімен «Сөз энергетикасының адамның рухани болмысына әсері» тақырыбында журналистика мамандығының студенттері Әбдірасил Еңлік және Ақылбекова Аяжан қатысып, «Қазақ әдебиеті» бағыты бойынша жүлделі III орын иеленді.

Академик А.Смақова студенттердің еңбегін, өте креативті тың тақырып деп баға беріп, алғырлығына тәнті болды. «Қазақ тілі және түркітану» Департаменті директоры Юлай Шамилоглу және Қазақ тілі оқытушыларының халықарылық бірлестігі президенті Эльмира Оразалиева алғыс хат пен III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл жеңісін жас ғалымдар 12 сәуір ғылым күні өздерін білім нәрімен сусындатып жатқан   профессор-оқытушыларына арнады.

Медиа-қызмет

Толығырақ

ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК

2.04.21 жылы Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушыларымен М.Мақатаевтың 90 –жылдығына арналған «Жырлайды жүрек»,  атты тәрбие іс-шарасы өткізілді.Іс-шараны кафедра доценті Асанкулова Б.С., аға оқытушы Калымбетова Н. П. ұйымдастырып өткізді.

ХХ ғасырдың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырларын өлең сүйер қауымға кеңнен насихаттау болып табылады

Толығырақ

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ - ҚАЗАҚ ДАЛА СЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ

30.03.21 жылы Гуманитарлық – әлеуметтікғылымдарфакультетінде «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының  оқытушыларымен «Жамбыл Жабаев - қазақ  дала сының ұлы ақыны» атты тәрбиеіс-шарасы өткізілді.

Толығырақ

«Т. Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ ӨТКЕН ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАДА «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕЛЕНДІ

2021 жылдың 15-17 наурыз аралығында «Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінде өткен онлайн олимпиадада «Мәдениет және өнер» кафедрасының «Мәдени тынығу» мамандығының 2 курс студенті «Вокал» пәні бойынша Лесов Бекнияз 2-орын иеленеді. «Сахна қозғалысы» пәні бойынша «Ғасрлар үні» микс-композиция 3-орынды «Мәдени тынығу» мамандығының 2 курс студенттері иеленді. «Сахна тілі» пәні бойынша М.Өтемісұлы «Мен, мен, мен едім»  композиция 3 орынды 3,2 курс студентері иеленді. Ф.Оңғарсынованың «Мен онымен қай кезде көрісемін?» атты монологын оқыған 3 курс студенті Шегетай Нұрасыл 3 орын иеленді. «Актер шеберлігі» пәні бойынша Абайдың қара сөздерінен инсенировка және «Режиссура» пәні бойынша К.Гоголь «Ревизор» арнайы дипломмен марапаталды. Жетекшісі ҚР қайраткері Айтибаева Шолпан.

Толығырақ

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

2021 жылдың 21 наурыз күні «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің аумағында өткен қалалық Наурыз мерекесінде М.Х.Дулати қазақ үйінің сахнасында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен жаңадан дүниеге келген нәрестеге ат қою, бесікке салу салттары бойынша сахналық қойылымдар көрсетілді. Көрініске «Мәдениет және өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттер қатысты.

Ат қою - жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды.

Толығырақ

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ЕРСАЙЫН ТӨЛЕУБАЙМЕН ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

2021 жылдың 15 наурыз «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ҚР халық әртісі Ерсайын Төлеубайдын қатысуымен «Қазақ кино әліміндегі тарихи тұлғалар» атты  онлайн конфернция өтті. Ерсайын Төлеубай Шәкен Айманов атындағы «Қазақ фильм», «Қырғыз фильм» кино студияларында бірнеше фильмдерге түскен актер. Сондай-ақ Қазақстандағы танымал драматург-режиссер. Бірнеше облыстық театрларында көркемдік жетекші, бас режиссер қызметтерін атқарған. Халық артисі.

Толығырақ

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРАНЛҒАН «ҚАЗАҚ САХАРАСЫНЫҢ ҚОҢЫРАУЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШІ

өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы

мерзімі:25/02/2021ж.

2021 жылдың 25 ақпанында «Мәдениет және өнер» кафедрасының 1 курс студенттері мен кураторы кафедра оқытушысы Жапаров Нүрғалидің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығы аясында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына аранлған «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты әдеби кеші өтті. Кешті «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы ф.ғ.к., Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы ашты. Әдеби кеште ұлы ағартушы, педагог, ғалым, жазушы Ы.Алтынсариннің өлеңдері оқылып және «Кел балалар оқылық» атты әдеби музыкалық композиция көрермендердің назарына ұсынылды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған әдеби кештің жастар үшін  берер тәрбиесі мол болды.

Толығырақ

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «ЖАС МАМАН- 2021» ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ЖӘРМЕҢКЕСІ

өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы

мерзімі: 25/02/2021ж

2021 жылдың 26 ақпанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен биылғы жылы университет бітіретін түлектермен жұмыс берушілердің «Жас маман- 2021» атты кездесу жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы ф.ғ.к., Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы ашты. Іс-шараға К.Әзірбаев атындағы Облыстық филомонияның көркемдік жетекшісі ҚР  мәдениет саласының үздігі, Шапағат медалінің иегері, «Мерей» продюсерлік орталығының директоры Мусапанов Әріпай Муханұлы, «Алатау» фольклорлық ансамбілінің көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі, көптеген халықаралық конкурстардың лауряты  Дастан Көреген, Қазақ ұлттық-аспаптар  оркестірінің көркемдік жетекшісі халықаралық конкурстардың лауреаты,  Байзилдаев Дулат Боранбайұлы, Мұхтар Рахманқұлов ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл обл  құрметті азаматы, «Балауса» цирк ұжымының жетекшісі Талғат Жорабекұлы Альчикенов, балетмейстр Айжан Қонарбаева, «Кәусар» вокалдық тобының  жетекшісі  Усенова Назима Әбдекерімқызы, Аскар Тоқпанов атындағы Облыстық қазақ драма театрының актеры Қырықбаев Жандар, Облыстық қазақ драма театрының жоғары дәрежелі әртісі Индира  Мустафаева қатысты.

Толығырақ

«АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ!» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 32 жыл толуына арналған «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу кеші.

өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы

мерзімі:12/02/2021ж

2021 жылдың 12 ақпанында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен 15-ақпан Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 32 жыл толуына арналған «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу кеші өтті. Кешті «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Кабиева Айгул Кабиқызы ашты. Студенттердің қатысуымен концерттік бағдарлама мен «Жауынгер хаты» атты театралдық көрініс қойылды. Кездесуге Ауған соғысының ардагері Құрманқұлов Талғат қонақа келіп, өз басынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Кеш соңында студенттер арнайы дайындаған сыйлығын тарту етті.

Толығырақ
Top