"ТАРИХ" КАФЕДРАСЫНЫҢ "ГЛОБУС" СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ МЕН ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫ ЖАҚСАРТУ" КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

03.04.2023 ж., сағат 1500-да корпус 2.6.413 аудиториясында «Тарих» кафедрасының «Глобус» студенттік ғылыми үйірмесінің (СҒҮ)ұйымдастырылуымен «Қазақстанда рекреациялық география және туризмнің дамуын жақсарту» тақырыбында конференция өткізілді, соған орай Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мектеп бітіруші оқушыларын және колледж студенттері қатысты.

кружок1111

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің Бастауыш білім беру әдістерінің 1 курс студенті Рахымберді Нұрсая «Тектұрмас» этно-тарих кешенін туризм саласында дамыту тақырыбында ғылыми жобасын қорғап 1- ші дәрежелі,Жомарт қызы Мейрім 2- ші дәрежелі, Тұрыскелді Айгерім, Нұралы Ақжан «Қайынды көлінің туризим саласын дамыту жоспары арқылы әлсіз тұстарын анықтау», тақырыбында жобаларын талқылап 3- ші дәрежелі дипломды иеленді.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің Керімбай атындағы №12 мектеп – гимназиясы» КММ оқушысы Бақытжан Еркінбек 7 «Б» сынып оқушысы «Қазақстанның туризмінің дамуындағы кедергілер» тақырыбында жобасымен таныстырып 1- ші дәрежелі диплом алды.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің Төле би №8 мектеп – гимназиясы»КММ оқушылары «Әулие бастау бизнес жоспары» тақырыбында Болатбек Райым, Карбетова Назым, Шамшидин Аружан, Байжанова Адия топтық жобаларын қорғап 1- ші дәрежелі дипломдарыналды.

кружок2222

кружок333

 

Top