Ағылшын тілі – ғылым әлеміндегі ынтымақтастық тілі

Заманауи әлемдегі басты құндылықтардың бірі – ғылым мен білімнің тығыз байланысы әрі өзара сабақтастығы. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инновацияға негізделген білім мен ғылым ел экономикасының, онын тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әрқашан кілті болып табылады. Қазіргі уақыт білектің күшіне емес, білімнің күші бәсекеге түсудің заманы. Әлемнің озық елдерінің қатарына қосыламыз десек, білім мен ғылым саптың алдынғы қатарында тұру қажет.

Осы орайда, «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы жыл сайын, білім мен ғылымның сабақтастығын негізге ала отырып заманауи ағылшын тілінің негізгі бағыттары мен мәселелерін талқылау және кәсіптік бағдар жұмысын жасау мақсатында, облыс және қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған конференциялар өткізіп отырады.

Жүйелі түрде ұйымдастырылып, дәстүрге айналған кезекті үрдіс «Ағылшын тілі – ғылым әлеміндегі ынтымақтастық тілі» тақырыбында «Полиглот» ғылыми-елтанымдық үйірмесінің жетекшісі Өтебаева Ш.Ш, конференция модераторлары Алтынбекова Д.А., Наурызбаева А.М. ұйымдастыруымен өткізілді. Онлайн форматта жүргізілген шағын конференцияға Тараз қаласы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық, Заманауи гуманитарлық-техникалық, Байзақ ауданы №3, Қаратау тау-кен колледждерінің студенттері және Тараз қаласы А.Пушкин атындағы №41, №1, Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназияларының, №3, 10 орта мектептердің оқушылары қатысты.

 Іс-шара «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. М.В.Новожилованың алғы сөзімен басталды.

Аталмыш іс-шараның ерекшелігі ретінде «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының доценті Р.Б.Иманалиеваның «Aspiring me: A memoir of teaching» кітабының көрсетілімі болды. Келесі кезекте колледж студенттері мен мектеп оқушыларының баяндамалары тыңдалды.

2

Конференция қорытындысы бойынша төмендегі қатысушылар жүлделі орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды: І орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледж студенті Булегенова Тоғжан Бақытқызы (жетекшісі: Айдарбекова Г.С.), ІІ орынды Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Қуанышбек ГауҺар Нұрболқызы (жетекшісі: Жамбулова Б.А.) және заманауи гуманитарлық-техникалық колледж студенті Ковалев Никита Витальевич (жетекшісі: Когай Е.Ф.), ІІІ орындыҚаратау тау-кен колледжінің студенті Бахтияр Аяжан Кеулімшатқызы (жетекшісі: Оспанова П.А.), С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп оқушысы Мадосманова Диана Канатбековна (жетекшісі: Нұрбаева Ж.Р.) және А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия оқушысы

Иркабаева Алмира (жетекшісі: Рахимова Ф.М.) жүлдегерлері атанды. Сонымен қатар,  «Үлгілі жас зерттеуші»  номинациясын Байзақ ауданы, №3 орта мектеп оқушысы Жапсарбай Талшын (Жуматаева Б.А.), ал «Үздік салыстырмалы зерттеу жұмысы» номинациясын Байзақ ауданы, №3 орта мектеп оқушысы Сатылған Аймен (Жуматаева Б.А.) иеленді. Конференцияға қатысушы баяндамашылар мен жетекшілеріне қатысушы сертификаттары берілді.

3

Кез-келген семинар, әрине, жасалған іс-шараның тиімді не тиімсіз жақтарын сараптайтын, қатысушылаың пікір-ұсыныстарын білдіретін кері байланыс сауалнамасын толтырумен аяқталады. Конференцияға қатысушылары да кері байланыстан тыс қалмады. Сауалнама нәтижесі қатысушылардың осы сынды конференциялардың көптеп ұйымдастырылуын қалайтындықтарын көрсетті.

4

5

Top