ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРГЕ SMART БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС-АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН САЛЫСТЫРА МЕҢГЕРТУ

 «Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр. Алда ғаламат жаңалық ашылары сөзсіз. Дегенмен адамзаттың ең ұлы жаңалығы – жазу. Жазудың пайда болуы-мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу қоғамды ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде ғылым, дін, мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді» – деген қазақ халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың ойын жалғастыра келе,  жазу – халықтың өткені мен ертеңін байланыстырушы. Жазу – халықтың ой-пікірін ұзақ жылдарға, көптеген қашықтықтарға жеткізетін сызбалы немесе суретті таңбалар жүйесі. Адамның ұзақ жылдардағы басты табысына айналған жазу ешқандай уақыт пен кеңістікке тәуелді болмай, барлық салада қолданылып келеді. Қазіргі заманда орта, жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне тек білім беру, тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің интеллектуалдық капиталын инновациялық жұмыстар арқылы қалыптастыру да енеді. Білімнің, ғылымның және өндірістің үштұғырлы қағидалары қазақстандық оқу орындарының оқытудың зерттеу моделіне көшу жолдары арқылы жүзеге асырылады. Үштұғырлы тіл туралы идеяның негізі Қазақстанды бүкіл әлем халқы жоғары білімді мемлекет ретінде тану болса, осы бағытта балабақшадан бастап жоғары оқу орындарында, тіпті кейбір мемлекеттік, жекеменшік мекемелерде де  үш тілде білім берудің тиімді жүйесін дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда оқытудың жаңа техникаларын пайдалану - өмір талабы. Жалпы «ХХІ ғасыр инновация мен индустрияның заманы». Қазіргі кезеңде бұрынғы дəстүрлі болған қалыпты сабақ беру əдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру жəне жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру - уақыт талабы. Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесі сабақтың жүргізу барысына  жаңа талап, жаңа міндет алып келді. Инновация өздігінен пайда болмайды, ол- ұжымның шығармашылықпен зерттеулері мен ізденістерінің озық педагогикалық тəжірибелерінің нəтижелері. Инновация ағылшын тілінде жаңаны енгізу, жаңаша бастау деген мағынаны білдіреді. Бұл мағынаға тереңінен бойласақ  оның ауқымды астарында  ғылымның жетістіктері мен озық тəжірибеге негізделген техника мен технологияларды жəне еңбекті ұжымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге енгізу болып табылады.

Қазіргі кезде білім алушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Білім ордаларында шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео өнімдер кешендері – тіл үйренушілердің ауызша және жазбаша  аударудағы білімін жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктері болатындығы белгілі. Мұны, әсіресе, бір категорияның өзін екі тілде салыстырып қарағанда айқындалады. Мұндай тіл меңгертудің жаңа әдіс-тәсілдері әрбір тілдің грамматикалық заңдылықтарына тигізетін әсері мол болуы тиіс. Әрбір тілдің өзіндік заңдылығы тілдерді салыстырғанда ашылады. Сонда бір тілдегі форма екінші тілде керісінше берілуі мүмкін. Орыс тілінде сын есімдердің етістікпен тіркесі жалпы айтылмайды. Ал қазақ тілінде ондай тіркестер үнемі кездесіп отырады.  Осындай заңдылықтарды ескере келгенде қазақ тіліндегі сын есімдер орыс тілінде негізінен үстеу, кейде есімдік және сөйлемнің жалпы мағынасы арқылы берілсе, ал орыс тіліндегі үстеулі сөз тіркестері қазақ тілінде, көбіне, сын есім және үстеу, кейде есімдік немесе сөйлемнің жалпы мағынасы арқылы беріліп отырады. Енді осыларды мысал арқылы көрсетейік.

  1. Сердәлі өміріндегі сол бір шақты уақыт, ірілі-ұсақты көп оқиғасымен, қуаныш-қайғысымен қалың қымтады. /Т.Ахтанов Махаббат мұңы/

А время шло своим чередом, большими и малыми заборами, горстями и радостями оно старательно стерло эти страницы в жизни Серали. /Т. Ахтанов. Печаль любви/

  1. Соғыста жұрт шығарған төрт-бес әні жақсы қабылданыпты.

Написанные им на фронте несколько песен были хорошо приняты, но он понял что нашел свой путь.

Міне, осы мысалдарда «қалың қымтады», «жақсы қабылданыпты»  сөз тіркестерін жеке-жеке сөз тұлғасы бойынша қарастырсақ сын есім болса, ал орыс тілінде сөзбе сөз аударылып «старательно», «хорошо» үстеулері арқылы берілген.

  1. Жақсы келіпсіңдер, жақсы келіпсіздер....дей беріп тебіренген генерал кілт тоқтап, маған шешінуді ұсынды. /Б. Момышұлы шығармалары/

Хорошо, что пробились. Взволнованный генерал прервал свою речь и предложил мне отдохнуть. /Б. Момышулы. За нами Москва/

  1. Сабуров үңіле қарап, Бабченконың қасында тұрған дивизия командирі полковник Проценконы көрді, бұл кісіні Сабуров көптен білетін, жақсы білетін. /К.Симонов. Күндер мен түндер/

Сабуров вгляделся и увидел, что рядом с Бабченко стоит командир дивизии полковник Проценко, которого Сабуров хорошо и давно знал. /Симонов. Дни и ночи/

Осы сөйлемдегі «жақсы келіпсіңдер», «жақсы келіпсіздер», «көптен білетін», «жақсы білетін» сөз тіркестерін жеке-жеке сөз тұлғасы бойынша қарастырсақ сын есімдер «келу», «білу» естістіктерімен  байланысып тұр. Ал орыс тілінде олар «пробивать», «знать» етістіктерімен әрбір сөйлемде бірыңғай түрде келтірілген.

Кестеде келтірілген мысалдардан ағылшын-орыс тілдерінде жіктеу есімдіктері зат есімдермен тіркескенде жекеше және көпше түрінде ұқсастықтарды байқауға болады. Себебі екі тілдің (1,2,3-жағы) жекеше түрінде жіктік жалғау жалғанбайды, ал көпше түрі орыс тілінде жалғауы, ағылшын тілінде +s жалғауы арқылы жасалады. Осы орайда үш тілді салыстыру, мысалдарды смарт бағдарламалар арқылы көрсету-тіл үйренушілердің есте сақтау, тез түсіну сынды қабілеттерін арттыра түседі.

Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани күші-тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені «Өнер алды- тіл» (М. Қашқари). Демек, дүниенің кілті- тілде.Тілдің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы халықтың ойлау жүйесі, материалдық және рухани мәдениеті жетіледі. Өз тіліңді құрметтей отырып, өзге тілді меңгеру үшін тіл үйренушілерге smart бағдарламалар арқылы қазақ-орыс-ағылшын тілдерін салыстыра оқытуда төмендегідей меңгерту модельдерін ұсынамыз:

  1. ActiveInspire бағдарламасы флипчарттарының мүмкіндіктері.
  2. Kahoot бағдарламалары.
  3. MS Power Point анимациялық слайдтары
  4. Zipgrade, Гуглформ тест алу,тексеру қосымшасы.
  5. Learning apps қосымшасы

Иматаева А.Ж.,

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы

Top