"ЖОО-мектеп" байланысы күшейе түсуде!
"Практикалық шет тілдері" кафедрасының аға оқытушысы М. А. Грибенюк 30.03.24-30.05.24 аралығында Жамбыл ауданының ауыл мұғалімдері үшін "Scaffolding PUDP to Secondary English Teachers" тренингін өткізеді. Бұл тренинг орта мектеп ағылшын тілі мұғалімдерінің педагогикалық дағдыларын жақсартуға, сондай-ақ авторлық курстарды әзірлеуде олардың білімдерін кеңейтуге бағытталған. Тренингке 15-тен астам ауыл мектептерінен 35 мұғалім қатысады. Тренинг Pedagogical University Development Project ауқымды жобасы шеңберінде өткізіледі, ол 2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін жүзеге асырылады және оған Қазақстанның 16 университетінен ағылшын тілі оқытушылары қатысады. Жоба АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады.