АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ИГЕРУ - ӘРБІР ОҚЫТУШЫНЫҢ МІНДЕТІ

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Толығырақ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында Амангелді орта мектебінің ұстаздарына 06.01.21 ж. мерзімінде  «Қашықтан білім берудегі инновациялық технологиялар» тақырыбына Zoom платформасында «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің оқытушылары ұйымдастыруымен  аймақтық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өткізілді.

Толығырақ

ҒЫЛЫМИ СИМПОЗИУМ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Ресейдің білім академиясының «Психология институтымен» сабақтастықта ұйымдастырған ХХVІ Халықаралық «Өмір мәнінің психологиялық мәселелері мен акме» тақырыбындағы симпозиумның бесінші Қазақстандық жастар секциясы өтті.

 Жиынға  Дулати  университеті «Психология» мамандығының 3-курс студенттері Назерке Оразқұл, Мөлдір Сейдазимова, 4-курс студенті Иван Потапенко, Жазира Сардаров қатысып, жүлделі 1-2 орындарды иеленді. Студенттер сәуір айында Ресейдің Москва қаласында болатын қорытынды кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болып, дайындыққа кірісіп кетті.

     Студенттеріміздің ғылыми жетекшісі доцент Рысты Керимбаеваға шығармашылық табыстар мен ғылым жолында даярлаған шәкіттеріне жеңіс тілейміз.  

Ұлмекен Жамирова

«Психология және педагогика»

кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к

Толығырақ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫН

Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері, профессор Кабиева Айгүл Кабиқызы «Қазақстан халқы ассамблеясының 25 – жыл» төс белгісімен марапатталды.

Толығырақ

«АБАЙ» ФИЛЬМІНДЕГІ РӨЛІ

Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Еркебаев Дүйсебай жақында жарыққа шыққан режиссер Мурат Бидосовтың «Абай» атты фильмінде Тобықты руының ақсақалы кейіпкерін сомдады.

Толығырақ

БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Нұрсұлтан қаласында өткен «Mega Fest kz» халықаралық байқауында Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының жасөспірімдерге арналған «Актерлық академия» оқушылары «Актер жанының сыры» атты шығармамен поэзия номинациясы бойынша Гран-при, ал «Үміт» атты шығармамен монолог номинациясы бойынша 1 орын алды.

Толығырақ

КӘСІБИ БАҒДАР

21.12.2020 күні жоспар бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті Қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушылары З.А.Заурбекова мен Э.Қ.Құтымбетованың ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылы Жасөркен орта мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Толығырақ

«POLYGLOT» КЛУБЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінде "Шет тілдері" кафедрасы ай сайын "Polyglot"лингво-елтанымдық клубы аясында кездесулер өткізеді.

Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Тәуелсіздік-бұл ата-бабамыздың маңдай терімен әкелген жеңіс.

Толығырақ

ЖАТАҚХАНА ЖАСТАРЫ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

Жуырда жатақханада тұратын студенттер арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жарыс өтті.

Бұл жарысқа №1 және №2 жатақханаларда тұратын студенттер қатысты.

Жарысты университеттің спорт клубының жетекшісі Бекболат Шилібаев және "Дене тәрбиесі" кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды: жарыстың бас төрешісі Жанар Бекбергенова мен бас хатшысы Гульчехра Рожко, төрешілер Косырева И.И., Камысбаева Ж.К., Мамыркулов, К.Токбергенов болды.

Жарыс дартс, секіртпемен секіру, жонглерлік ету спорт түрлері бойынша өтті. Нәтижесінде: жонглерлік ету бойынша I орынды Нұрай Раджапова (ГӘҒФ 1-курс), дартс бойынша I орынды Жарқынай Жарылқасын (ГӘҒФ 1-курс), II орынды Гүлбану Жолдасова (ГӘҒФ 1-курс)иеленді. Үшінші орынды Тораева Клара (ТФ-2 курс) алды. Секіртпе секіруден I орынды Жарқынай Жарылқасын, II орынды Гүлжамал Аккаева (ГӘҒФ 3-курс), үшінші орынды Клара Тораева (ТФ 2-курс) иеленді.

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар грамоталар және дипломдармен онлайн марапатталды. Жарыс ұйымдастырушылары барлық жеңімпаздарды құттықтап, оқуда табыс және мықты денсаулық тіледі.

Жанар Бекбергенова, «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы

 

Толығырақ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖАҢҒЫРУЛАР» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы З.А.Заурбекованың ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні «Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жаңғырулар» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Толығырақ

АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ

Биыл қазақтың мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды.

Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ – ДАНАСЫ

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Қазақ  және  орыс  тілдері» кафедрасының  аға оқытушысы  Р.Т. Султанбекованың  ұйымдастыруымен және 1 курс студенттерінің қатысуымен 4 желтоқсан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы даланың - данасы» тақырыбында тәрбиелік іс шара өтті.

Толығырақ

Тәуелсіздік Туралы Хабарлаушылар

Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультеті, Қазақ және орыс тілдері кафедрасының  оқытушы Ж. Д. Қалиеваның ұйымдастыруымен  заң факультеті білімгерлерінің қатысуымен «Желтоқсан желі ызғарлы»  атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. 

Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің, қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Мансурова Г.Н., Макимова Г. Т. ҚР Тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған онлайн-тәрбие іс-шарасын өткізді.

Толығырақ

КОРОНОВИРУС ІНДЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушылары Букенова Ж.С. мен Омарова А.О. ұйымдастыруымен университеттің «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» және «Экономика және бизнес»  факультеттері 1-курс студенттерінің қатысуымен ZOOM платформасында әлемді шарлаған короновирус індетінің алдын алу шаралары бойынша.

Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ БИІК

4.12.20 жылы Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультетінде "Қазақ және орыс тілдері" кафедрасының оқытушылары Асанкулова Б.С., Калымбетова Н.П. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғыры биік» атты ашық тәрбие іс-шарасын ұйымдастырды.

 Аталғаніс-шараның мақсаты студент жастарының бойында азаматтық пен патриотизм негіз дерін қалыптастыру, өз Отанынадеген мақтаныш сезімін, туғанелге, оның тарихына деген құрмет пен сүйіс пен шілікті тәрбиелеу болыпта былады. Аталғаніс — шараны өткізу барысында ГӘҒФ 1 курс білімгерлері Асель Мирзабаева, Қымбат Бейсеналы "Менің Отаным-Қазақстан" атты презентация, бейнероликдайындап, еліміздің маңызды тарихи кезеңдерін көрсетті. Білімгерлердің орындауында қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқылып, мемлекетіміздің тарихын білуге арналған брейн-ринг өткізілді.Іс - шара соңында студенттерге фрирайтинг әдісімен «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына эссе жазу ұсынылды.

Толығырақ

БҮГІНГІ СТУДЕНТ – ЕРТЕҢГІ МАМАН

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Қазақ  және  орыс  тілдері» кафедрасының  аға оқытушысы  Р.Т. Султанбекованың  ұйымдастыруымен 1 курс студенттерінің қатысуымен «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыбында тәрбиелік іс шара өтті.

Толығырақ
Top