«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ

«Мәдениет және өнер» кафедрасының 2020-2021 оқу жылына жоспар бойынша бекітілген аудандық және қалалық мектептермен Тараз қаласы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес колледждер атап айтсақ, Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы «Гродиков» орта мектебі, Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы «Б.Тайшапұлы атындағы» орта мектебі, Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы,  Бесағаш ауылы «Абай атындағы» орта мектебі, Тараз қаласы Құмшағал, массив Шөлдала, №55 орта мектептері, сонымен қатар Тараз қаласы «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары» колледжі бекітілген болатын.

10-11.12.2020 ж. мерзімдерінде кафедрамыздың аға оқытушылары А.Т.Ермуратова, Б.К.Көшербаева ұйымдастыруларымен Тараз қаласы №15 қазақ мектеп – гимназиясының және де №16 Д.Карбышев атындағы аралас орта мектептерінің бітіруші түлектерімен онлайн ZOOM платформасында кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізілді. Онлайн жиналысқа №15 қазақ мектеп – гимназиясының оқу жөніндегі меңгерушісі Құрбанова Толқын Смайлқызы, №16 Д.Карбышев  атындағы аралас  орта мектебі директоры Бүркітбаева Жанна Бүркітбайқызы және де бітіруші түлектер, сонымен қатар ата – аналар қатысып өздерінің өзекті сұрақтарын қойып белсене атсалысты.   

Сонымен қатар «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары» колледжі студенттерімен доцент, ө.ғ.к. Пернебек Шегебаевтың ұйымдастыруымен Зумм платформасымен онлайн кездесу өтті. Кездесу мақсаты студенттермен өз-ара өнер, білім, тәжірибе алмасу болып табылады.

04.12.2020 ж. мерзімінде аға оқытушы Д.Еркебаев №47 орта мектепте кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді. Жиынға мектеп түлектері толығымен қатысты. Өзекті мәселелер мен сұрақтар қозғалып, екі тараптан өз ара келісімдер жасалды.

Top