«ТӘУЕЛСІЗДІГІМ ТІРЕГІМ!» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2021 жылдың Сәуір айының 14 жұлдызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің №1,2,3 студенттік жатақханаларында тұрып жүрген студенттерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастырумен «Тәуелсіздігім тірегім!» атты патриоттық әндер кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты - жастардың  отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру арқылы оларға патриоттық  тәрбие  беру, Отанына, өзінің еліне деген құрметін арттыру, мәдениеті мен дәстүрін тануға көмектесу, сонымен қатар өнерге, әдемілікке баулу.

Мерекелік кеште «Belle Art» би тобы, 1курстан құралған КТА құрамасы, вокал студиясының әншілері Диана Тұрсынбек, Құсайын Гүлнара, Рахматулла Ұлмекен, Құсайын Гулнаралар потриоттық әндер орындады. Кешке қатысқан студенттер мен қонақтар өз ризашылығын білдіріп, кешке демеу көрсетіп отырды. Іс-шара тағы бір рет ән адамдардың сезімдері мен көңіл-күйлеріне оң әсер ете отырып, оларды біріктіре алатынын дәлелдеді.

Top