М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАДА «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ 1 ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

2021 жылдың 30 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен XIII Республикалық студенттік онлайн олимпиадада үздік өнер көрсетіп «Мәдени тынығу» мамандығының 2,3-курс студенттері 1-жүлделі орынға ие болды. Дарынды студенттердің жетекшісі ҚР қайраткері Айтибаева Шолпан.

Олимпиадаға республиканың 7 жоғары оқу орындарының командалары қатысты. Олардың ішінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетті бар.

Республикалық студенттік олимпиаданы өткізу екі тапсырмадан тұрды:

1-тапсырма - Байқауға қатысушы әр оқу орны командасы 6В092 – Тынығу білім беру бағдарламалары тобы бойынша өздері алатын біліктіліктеріне қатысты таныстырылым (презентация) даярлады. Онда білім беру бағдарламасының материалдық техникалық базасы, оқу үрдісі, шығармашылық жұмыс сәттері, жетістіктері көрсетілді. Таныстырылымның көркемделуі, операторлық жұмысы, музыкалық сүйемелдеуі, т.б. ескерілді.

2-тапсырма – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» тақырыбында шығармашылық жұмыс ұсынды. Шығармашылық жұмысты сахналандыру студенттер оқу үрдісі барысында меңгерген «Режиссура», «Актер шеберлігі», «Сахна тілі», «Сахна қозғалысы және ритмика», «Шоу бағдарламалар технологиясы», «Бос уақытты көркем-бұқаралық ұйымдастыру», «Сценарий шеберлігі негіздері» т.б. пәндер бойынша алған білімдері мен дағдыларын жан-жақты көрсетуі құпталды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері уақытша қиындықтар мен шектеулерге қарамастан, түрлі байқауларға онлайн режимінде қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді. Бұл студенттеріміздің кәсіпқойлықты дамыту арқылы нарықтағы өздеріне деген сұраныстарын арттыру деп білеміз.

Top