29.04.21 жылы Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Қазақ және орыс тілдері»  кафедрасының оқытушыларымен Ұлы Жеңістің  76 –жылдығына арналған «Еңсесі биік – ұлы Жеңіс», атты тәрбие іс-шарасы онлайн түрінде ZOOM платформасы арқылы өткізілді.

Іс-шараны кафедра доценті Асанкулова Б.С., аға оқытушы Калымбетова Н. П. ұйымдастырып өткізді. Іс – шараның мақсаты жастарды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып,оларды құрметтеуге тәрбиелеу.Іс-шара барысында студенттер Ұлы Жеңіс күніне арналған бейнесюжеттер дайындап, слайд-шоу көрсетті, өлеңдер оқыды, әндер айтты, Ұлы Отан соғысының тарихын білуге арналған брейн-ринг өткізді.Іс-шара соңында студенттерге «Біз есімізде! Біз мақтан тұтамыз!» фрирайтинг әдісімен эссе жазу ұсынылды.

Top