АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫ – ҰЛТ ТАРИХЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасында «Мұрагер» ғылыми-ізденіс үйірмесінің ұйымдастыруымен 2021 жылы 24 қарашада Алтын Орда тарихының 750 жыл толуына орай «Алтын Орда тарихы – ұлт тарихы» тақырыбында шағын конференция өтті. Конференция мақсаты – студенттер мен оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуға бағыт-бағдар беру, теориялық талдау жүргізу және мамандық бойынша кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу. Конференцияға Жамбыл облысы және Тараз қаласы мектеп оқушылары мен мұғалімдері, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Жалпы қатысуға өтініш білдірген студенттер мен оқушылар саны 50 ге жуық болды.

1

Конференцияның ашылуы сәтінде алғы сөз «Гуманитарлық - әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Мамырханова Жамиля Темиргалиевнаға берілді. Декан конференцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, мамандық туралы, университеттің стратегиялық бағдармалары туралы мағлұматтар берді. Сонымен қатар сөз университетіміздің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы Жанқуанышев Мәртебе Құттықияұлына берілді. Мәртебе Құттықияұлы университетіміздің ғылыми зерттеу бағыттарына және кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстары бойынша мәлімет берді. «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі Е.Қ.Серікбаев Алтын Орда тарихының ғылыми маңыздылығы мен қоғамдағы рухани-мәдени маңыздылығына тоқталып өтті.

3

Конференцияға Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектеп гимназиясы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы, Тараз инновациялы көпсалалы колледжі, №9 Мерке колледжі, Тараз сервис және технологиялық колледжі, Келешек –Тараз ғылыми интеллектуалды лицей мектебі, Жамбыл жоғары медициналық колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, № 6 орта мектеп, №54 орта мектебі, Абай атындағы мамандандырылған дарынды мектеп, Қаратау тау-кен технологиялық колледжі, Жамбыл ауданы «Бірлесу -Еңбек» орта мектебі, Талас ауданы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебі, №55 орта мектебі, М.Мәметова атындағы №27 орта мектебі, №1 Меркі колледжі, Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектеп, №25 орта мектебі және тарих мамандығының 1,2 курс үйірме мүшелері белсенді қатысты.

1 орын – Инкарбек Аяна, №1 гимназия 10 сынып окушысы (жетекшісі: Бекмаханов Б. С.).

2 орын - Әшірхан Құттыбек, тарих мамандығының 1 курс студенті (жетекшісі: Идрисова Г.Б.)

2 орын – Әшімхан Аяулым, №45 мектеп гимназиясы, 9 сынып оқушысы (жетекшісі – Қазбекова Д.С. )

2 орын – Язонкина М., № 6 орта мектеп, 11- сынып окушысы, (Жетекшісі Садыкова А.К.)

3 орын – Асанова Ақару – Жоғары политехникалық колледжі (жетекші: Оралымбетова Айнұр Мырзабайқызы)

3 орын – Дуанбекқызы Айгерим – Меркі №39 мектеп

3 орын – Жолды Алина – №54 мектеп (жетекші: Маманова Шарафат

Қатысушылар жүлделі орындар мен сыйлықтармен марапатталды. Жетекшілеріне алғыс хат табысталды.

3

«Мұрагер» үйірмесінің жетекшісі Идрисова Гүлжан Бердімбайқызы

Top