«ЖҰЛДЫЗДЫ 100 ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АРМАН ЖАНАЛИЕВПЕН ОНЛАЙНДА СҰХБАТ

2021 жылы 23 сәуір күні «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды 100 түлек» атты онлайн сұхбат өткізілді. Кездесу кешінің қонағы осы «Мәдени – тынығу жұмысы» мамандығының түлегі, Республикалық қазақша КВН ойындарының ойыншысы, Республикалық «Әзіл әлемі» театрының белді актері, әлеуметтік желі арқылы блогерлікпен айналысып, отбасылық видеофильмдер түсіріп, танымал болып жүрген Арман Жаналиев. Онлайн кездесуге «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығының 1-3 курс студенттері белсене қатысты. Сұхбатты модератор, «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Куненова Файза Сайлаубекқызы Арманның шығармашылық өмірімен таныстырып, студенттермен қызықты әңгіме өрбіте отырып, бүгінгі студент жастардың шығармашылық бойынша білім алу, іздену, еңбектену,  маман болып қалыптасу барысында, жалпы еліміздегі мәдениет және өнер саласы бойынша жастардың беталысы,  қоғамдағы ролі жөнінде тағлымды сұхбат болды. МТЖ –ның 1 курс студенттері әр түрлі сұрақтар қойып, қонақпен тікелей ой бөлісті.

«Блогерлік іспен айналысуыма себеп болған жолына карантин. Той жоқ, концерт жоқ, ештеңе жоқ болған сон  үйде отырып қалдық. Осылай инстраграммга көңіл бөліп кеттік. Халықтың қошеметін, бізге деген ықыласын, ой-пікірін біліп жүрген адам болғандықтан мен өзім сол нәрсені сағындым. Шығармашылық концерттер болмаған соң және тойда энергиямызды шығарып, халықтың энергиясын алатынбыз. Ол да жоқ болған соң, блогердің жолына түсіп кеттік, қолдан келгенше видео түсірдік, халыққа жақсы өтті. Халыққа ұнағаннан кейін «Жаналиевтер» театрын аштық. Қазір жақсы өзіміздің контентімізді жасап жатырмыз» -деп, сөз соңында Арман студент жастарға қазіргі қоғамда болып жатқан індеттан сақ болуға шақырып, жастарға ақыл – кеңесін айтып,  болашақтағы шығармашылық жоспарымен бөлісті.

Top