ЖЫР АЛЫБЫ –ЖАМБЫЛ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған  «Жыр алыбы –жамбыл» атты дөңгелек үстелі өтті.

2021 жылдың 14 наурыз күні «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушылары А.Е.Молдазимова, П.С.Куненованың ұйымдастыруымен, Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 1 курс ВКДР20-01тобы студентерінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Студент жастарды жыр дүлділі, арқалы, рухты ақын бабамыз Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына терең ой жүгірте отырып, ақынның талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, бағалай білуге, ақын өлеңдері арқылы сөйлеу мәдениеті мен сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру болып табылады. Шығармашылық кеште студент жастар ақынның жыр шумақтарын, айтыс – жырларынан үзінділер оқып, талдай отырып, сұрақ –жауап арқылы өздерінің ой-пікірімен бөлісті. Кештің соңында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған видеожазбаны тамашалап, 1 курс студенттерінің ақынға арналған арнау жыраларымен аяқталды.

Top