«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН В.СОЛЛОГУБТЫҢ «БЕДА ОТ НЕЖНОГО СЕРДЦА» ВОДЕВИЛЬІ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен В.Соллогубтың «Беда от нежного сердца» водевильі қойылды

2021 жылдың 29 сәуірде  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының 1-3 курс орыс тобының студенттері В.Соллогубтың «Беда от нежного сердца» атты водевилін сахналады. Қойылым жыл бойында «Актер шеберлігі», «Режиссура», «Бос уақыттың көркемдік-педогогикалық технологиясы», «Театр ұжымының жетекшісі»  пәндерінен алған білімдерінің нәтижесі. Бұл іс-шара кафедраның аға оқытушылары М.Алим, Б. Избасаровтардың  ұйымдастыруымен өтті.

«Беда от нежного сердца» атты водевиль А.С. Пушкиннің замандасы Владимир Соллогуб жазған әзіл пьесасы негізінде бай отбасының нәзік ұрпақтарының сәйкестігі туралы жеңіл жарқыраған музыкалық қойылым. Пьесаның желісі өткен ғасырда орын алады, бірақ шығарманың сюжеті бүгіндеде назар аударады. Спектакль бір жарым ғасыр бойы театр сахналарынан түспей келеді, өйткені сатылмайтын махаббат тақырыбы барлық уақытта да өзекті. Қоғамдағы жағдай мен қаржылық, әл – ауқат т.б. адам бақытының өлшемі бола алмайды бұл осы студенттік  жұмыстың басты идеясы және қойылымды қоюшылар осы күрделі мәселені көрсете білді.

 Қойылым шынайылығымен көрермен көңілінен шықты. Жас дарынды орыс топтарының студенттері өнеріне  тәнті болған университет профессор оқытушылық құрамы және көрермендер қошемет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді. Осындай мәдени шаралар алдағы уақыттада жалғасын таппақ. Іс-шара санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылды.

 

Top