ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР МЕН ЖАҢА БАҒЫТТАР

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен "Жаһандану кезеңіндегі тілдерді оқытудағы басымдықтар мен жаңа бағыттар" атты республикалық онлайн конференция өтіп, біздің университетіміздің атынан екі адам Шет тілдіері кафедрасының аға оқытушысы, тіл білімі магистрі Наурызбаева Айгүл Маратқызы және Филология кафедрасының аға оқытушысы, филилогия ғылымдарының магистрі Қалиева Жансая Дарханқызы қатысты.

 

Конференцияның басты мақсаты: Қазақсандағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқытудың жаңа әдістемесін зерделей отырып, тілдерді меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды дамыту, отандық өнімдердің санын арттыру. Онлайн конференцияда  Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан, Назарбаев Университетінен, "Өрлеу" БАҰО-нан және Жамбыл облысы Тілдерді дамыту орталығынан профессор- қытушылар тілдерді оқытудағы озық тәжірибелермен  бөлісті. Еліміздің барлық облыстарынан жиналған қатысушылар халықаралық және қазақстандық тәжірибелер бойынша   филолог ғалымдардың пікірлерін тыңдап, заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану арқылы білім беру тәжірибесін жақсартып, республикалық деңгейде тәжірибе алмасты.

Top