ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТЕМІН

«Қазақ  және  орыс  тілдері» кафедрасының  аға оқытушысы  Р.Т. Султанбекованың  ұйымдастыруымен және гуманитарлық-әлеуметтік пәндер факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен қараша айының 20 күні  сағат 9.00де «Туған жерге тағзым етемін!» атты тақырыпта тәрбиелік іс шара өтті.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы «Туған жер» бағдарламасының аясында жүзеге асырылды.

Іс шараның мақсаты: 1) Жастардың атамекенін, Отанын, туған халқын сүюге, бойына патриоттық сезімді қалыптастыру; 2) Туған жердің ұлттық құндылықтарын қадірлеу, тарихын тереңнен білу; 3)  Туған жерге деген ыстық ықыластарын қалыптастырып, елін жерін құрметтей алатын білімді азамат болуға тәрбиелеу.

«Туған жер»  ұғымы адам жанына жылылық ұялататын  өте ыстық ұғым.

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Іс шара барысында студенттер туған жеріне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін өлең жолдарымен жеткізе білді. Өз өңірлерін мақтанышпен, толғаныспен таныстырып, әнмен көркемдеді.

Top