Қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен “Ана тілі – мемлекет тірегі!” атты тіл фестивалі болып өтті. Ол Халықаралық ана тілі күніне орай ұйымдастырылды.
Осыған орай өткізілген фестивальдың мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылығы мен құрметін арттыру. Байқауға қаламыздың бірқатар оқу орындарының студенттері қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды. 6 адамнан құралған 7 команда алғашқы кезеңде өздерін мемлекеттік тілде таныстырса, екінші кезеңде өз ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеді. Сондай-ақ қатысушылар өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің "Мәдениет және өнер" кафедрасының "Дулати жастары" халықтық студенттер театрының студенттері алды.
«Мәдениет және өнер» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамын және білімгерлерді осы женістермен құттықтаймыз! Келешектеде осындай биіктен көріне бірулеріңізге және шығармашылық талқыныстарыныздың арта беруіне шын ниетпен құттықтаймыз!

Саулебаева А.А.

28CC6AA4 2010 484A B723 20788C789476

Top