Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған.

Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушылары  Қалымбетова Н.П., Асанқұлова Б.С. (қазақ және орыс тілдері  кафедрасы) Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевқа, арналған тәрбиеләк іс шара өткізді.

 ГӘҒФ және  АТАТФ 1 курс студенттері Әлімжан Рамис дайындаған еліміздің Тұңғыш Президентінің өмірбаянымен танысты.

Содан кейін  Ермахан Сейділдаев президенттің  Ақордадағы мұражайымен таныстырды. Шара барысында студент Бекежан Едіге президентке арналған өз өлеңін оқыды.  ТамирланМадимаров, Нұрбол Ермекбаевтың орындауында қазақ және орыс тілдерінде  өлеңдер тамашаланды.

Іс-шараның тақырыбы «Адам басқаларды қабылдауда» орыс тілі курсының оқу бағдарламасының тақырыбымен үндес болғандықтан, студенттерге «Көшбасшының жеке тұлғасы менің көзіммен» тақырыбындафрирайтинг әдісі арқылы эссе жазу тапсырылды.

Top