Ұйымдастырушылар - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушылары: Омарова А.О., Букенова Ж.С. Қатысушылар - 1-курс «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті мамандықтарының студенттері.
Үстіміздегі жылдың тамыз айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев -күллі түркі жұртынының мақтанышы, «мұғалім сәни»(екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық(870-2020) мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жариялағаны баршамызға аян.
150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырған ғұлама данышпан философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Ғұлама ойшыл дара тұлға - Әбу Насыр әл-Фарабидің әрбір ғылымға қосқан ұшан теңіз мұрасын өскелең ұрпаққа паш ету бізге, ұстаздар қауымына аманат. Осы мақсатта 19 қараша күні «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушылары Букенова Ж.С. мен Омарова А.О. 1-курс «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті мамандықтарының студенттерімен бірге ZOOM платформасы арқылы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған ғылыми-конференция ұйымдастырды.
Конференция «Дара тұлға - Әбу Насыр Әл-Фараби» бейнеролик пен оқытушының кіріспе сөзімен әрі қарай студенттердің әзірлеген презентациялық баяндамаларымен жалғасын тапты. «Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби»(Әбдінұр Азиза), «Ұлы ұстаздың өмір баспалдақтары» (Сайлаубек Нұргүл), «Әл-Фараби – өркениет философы»(Салиев Жақсылық), «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы» (Кеңесбек Аида), «Философские трактаты Аль-Фараби»(Жанаділ Марғұлан) атты студенттердің ғылыми-зерттемелік баяндамалары тыңдалды.
Конференция соңында сұрақ-жауаптар кезеңінде студенттер Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолы мен трактаттары бойынша оқытушының викториналық сауалдарына жауап беріп, конференция қорытындыланды.