ОТАНҒА ДЕГЕН МАХАББАТТЫ

Тәрбие сағаты 19.11.2020 жылы сағат 17:00 де өтті. Тәрбие сағаты 2 тілде өтті.

 

Мақсаты: арғы аталарымыз кейінгі ұрпағы үшін алаңдап,арманның бесігінде тербелген. Сол жолда күресті, алысты, жығылды, қайта тұрды.Ақи­қаты сол, жұмыр жердің бетіндегі кез келген жұрттың асыл арманы– ошақ оты маздаған, түтіні түзу шыққан мемлекет болу.Біздің ашық сабақта қойған мақсатымыз Бабаларымыздың арманын еске алып бізде елдің ұрпағы осы арманға қол жеткізуге тырысып жатқанымызды және бабаларымыздың еңбегі мәңгіге жадымызда екенін ұмытпау. Тәрбие сабағы ең алдымен өлең жолдарымен  басталды. Ол жерде презентация 2 тілде  насихатталды. Келесі кезекте Отанға арналған студенттер сөзжұмбақ пен ребус ойнатты. Отанға деген махаббатты видео ролик арқылы жеткізді. Барлық студенттер «Родина предков моя гордость» деген тақырыпты ала отырып сабақты аша білді. Тәрбие сабағы соңында жетекшіміз Зульфия Тулегенова өзінің керемет, мағыналы сөздерімен сабақты тұжырымдап аяқтады.

Top