ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ

«Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы Халыкова Жанна Әмірханқызы «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3-курс студенттерімен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы - ел-жұрт, ұлтымыздың алтын қоры» тақырыбында ашық куратор сағатын өткізді.

 

Ашық куратор сағаты ZOOM платформасында өтті, алғашқы сөзді алған топ кураторы бұл жобаның мақсатымен таныстырды.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.

Куратор сағатының да негізгі мақсаты - Жамбыл өңірінен шыққан осы жоба кейіпкерлерімен таныстыру.Сонымен қатар, топ студенттері тақырыпқа қатысты алдын-ала дайындалған Зульфия Раухатовна, Ақжүрек Таңатаров, Бауыржан Исламхан туралы баяндамалар тыңдап, видеороликтер тамашалады. Ашық тәрбие сағатының мақсаты осы жобаға енген танымал тұлғаларымыздың еңбектерін біліп, өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Top