16-17 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті  5В050300Психология мамандығының Республикалық пәндік олимпиадасын  онлайн форматта ұйымдастырып өткізді.

Олимпиадаға біздің университеттің «Психология» мамандығының 2-4 курс студенттері  Н.Оразқұл, М.Сейдазимова, С.Букешова, Г.Паримбай мен ғылыми жетекші, доцент Р.Қ.Керимбаева қатысты. 

     Біздің университеттің студенттері білім додасында ерекшеленіп, өздерінің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екендігін тағы да дәлелдеп жүлделі 2-орынды иеленді. Пандемия кезінде оқшауланып, алаңдап отырған біздің  ұжымға  қуанышты жаңалық мотивация беріп, жігерлендірді.

    Осындай карантиндік жағдайда студенттерді қашықтықтан отырып ұйымдастырып, тапсырмаларды дер кезінде сапалы және нәтижелі орындап, оған студенттерді даярлаған доцент Р.Қ.Керимбаеваның еңбегі өте зор. Рысты Қалдыханқызы студенттер мен магистранттарды олимпиадаға даярлауда үлкен тәжірибесі бар екендігі белгілі, бірақ  онлайн форматаұйымдастырылған олимпиадаға қашықтықтандаярлау, педагогикалық шеберлікті қажет ететін іс.

    «Психология және педагогика» кафедрасының ұжымы  студенттер мен ғылыми жетекші Рысты Қалдыханқызын нәтижелі жеңісімен  құттықтайды.

Отбастарыңызға амандық, ғылым жолындағы еңбектеріңізге табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейді.

                                                              Кафедра меңгерушісі Ұ.Ш.Жамирова

Top