ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК
2021 жылдың 10 желтоқсан күні Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кафедраның аға оқытушысы С. М. Кантарбаева мен т.ғ.к., доцент Х. Р. Садиеваның ұйымдастыруымен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді. Іс-шараға факультеттің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ. С. Анарова, кафедраның профессор оқытушылар құрамы мен 1 - 4 курс студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттердің білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, білімге деген ынтасын арттыру.
ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ ТӘУЕЛСІЗДІК
2021 жылдың 7-ші желтоқсаны күні М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері, топ кураторы Мамешова Саят Әлішеріқызы және т.ғ.к., доцент Жарлыкапова Роза Байкешовнаның ұйымдастыруымен онлайн форматта Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Еліміздің ертеңі - Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға кафедраның профессор оқытушылар құрамы, 6В05314-Химия білім беру бағдарламасының 1, 2 курс студенттері мен топ кураторлары қатысты.
Тағылымды іс-шара әнұранның орындалуымен ашылып, т.ғ.к., доцент Жарлыкапова Роза Байкешовнаның тақырып төңірегіндегі баяндамасымен және мерекелік құттықтауымен жалғасты.
"ТЕХНОЛОГ" СҒҮ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІНІҢ АШЫҚ ОТЫРЫСЫ
Технологиялық факультеттің "Текстиль, материалтану және стандартизация" кафедрасы "Технолог" студенттік ғылыми үйірмесі 10.12.2021ж. Жамбыл облысы мен Тараз қаласының колледждері мен мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған "Қазақстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібінің болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық отырыс өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - мектеп оқушыларының Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласы аясындағы зерттеушілік біліктері мен дағдыларын дамыту. Дөңгелек үстелде Қазақстанның былғары және аяқ киім өнеркәсібінің мәселелері талқыланды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ЖАСТАР МЕН БИОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР
02.12.21 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қолданбалы биология» кафедрасының «Өсімдіктер әлемі» студенттік ғылыми үйірмесі (СҒҮ) ұйымдастыруымен Жамбыл облысының мектеп бітіруші оқушылары арасындағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: жастар мен биология саласындағы инновациялар» тақырыбында шағын форматында конференция өткізілді. Үйірме жетекшісі биология ғылыми канжижаты, доцент Байтелиева А.М.
Конференцияны Жумабекова Г.Б. - Технологиялық факультеттің ғылыми жұмыстары жөніндегі декан орынбасары, доцент м.а., PhD доктор ашылу салтанатымен бастады.
«ҚОЛДАНБАЛЫ БИОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ КӘСІПТІКБАҒДАР ЖҰМЫСЫ
2021 жылдың 30 қарашасында «Қолданбалы биология» кафедрасының оқытушылары доцент Байтелиева Анар Муратовна, оқытушы Голикова Ксения Николаевна және студент Арслан Умаров «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы» КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
«Биохимия» мамандығы бойынша 11-сынып түлектерімен кездесуге М. Х. Дулати атындағы ТарМУ түлегі, «Биология» пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Жүсіпбекова Жанара Дүйсенханқызы қатысты.
2022 жылы ЕО-қа мүше мемлекеттердің университеттері арасында студенттер мен оқытушылар алмасуы, Еуропалық Одақтың коммерциялық емес Эразмус бағдарламасы бойынша Оломоуц университетінде білім алғалы отырған А.Умаровтың баяндамасы түлектер арасында ерекше қызығушылық тудырды.
АШЫҚ САБАҚ ОҚЫТУШЫНЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
«Қолданбалы биология» кафедрасының магистрі Баубекова А.К. «External and internal structure of birds» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді.
2021 жылдың 26 қарашада "Қолданбалы биология" кафедрасының оқытушысы, магистрі Баубекова Айжан Кенжебекқызы 6В05112-"Жалпы биология" мамандығының көптілді білім алатын топтарының 2 курс студенттерімен "Vertebrate zoology" пәні бойынша " External and internal structure of birds "тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: студенттерді омыртқалы жануарлардың үлкен бір тобы құстармен таныстыру. Олардың ішкі және сыртқы құрылыстарын қарап, сипаттау.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАР БАРЫСЫ ПОПУЛЯЦИЯСЫ САНЫНЫҢ МЕКЕНДЕУ ОРТАСЫНА КЛИМАТТЫҚ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРДЫҢ ӘСЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
2021 жылдың қараша айында Технологиялық факультеттің "Қолданбалы биология" кафедрасында шетелдік серіктес, философия докторы, Небраска, Линкольн университетінің зерттеуші-профессоры, Джанай Сагинмен халықаралық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа зерттеу жобаларының көмегімен серіктестікті кеңейту.
Бірнеше күн бойы философия докторы Джанай Сагин ғылыми жобалар бойынша өзінің халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, Орталық Азия университеттерінің серіктестік бағдарламасы бойынша Американдық кеңестің (UniCEN) қаржыландыруына қатысты барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Джанай Сагин халықаралық жобалар үшін кейбір өзекті тақырыптарға шолу жасады, оның ішінде "Қолданбалы биология" кафедрасы біздің Республика аумағындағы қар барысының популяциясын зерттеу және сақтау жөніндегі халықаралық жобаның бағытын таңдады.
«ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ»- ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ БАҒДАРЫ
3 – ші желтоқсан 2021 жылы Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы, топ кураторы С. М. Кантарбаева және 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатын талқылау, маңыздылығын насихаттау мақсатында ашық кураторлық сағаты өткізілді.
Тәуелсіздік біздің де ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы еді. Бүгінде сол арманымыздың орындалып таңымыздың арайлап атып, Егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев партияның маңызды жиынында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алғанымызды айта келіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар болар "Елдіктің жеті тұғыры" атты қағидатын ұсынды. Елбасы «табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек ету» екенін үнемі айтып келеді. Өскелең ұрпаққа білімге құштар болуы – келешек кепілі. Елбасы жастарға үндеуінде осы ойды меңзеген. Осылайша біз Тәуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз. Жалпы алғанда Елбасы санамалап өткен бұл құндылықтар әрбір жастың жетістікке жету, қоғамға пайдалы адам болып, өнім беру жолындағы басты қағидаларына айналуы тиіс. Жеті санын бабаларымыз қасиетті сан деп пайымдаған.
ТАМАҚ ӨНДІРІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2021 жылдың желтоқсан айының 2 күні «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының «ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІ» студенттік ғылыми үйірмесінің «Тамақ өндірісі саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері» тақырыбында ашық отырысы өтті.
«Тамақ өндірісі саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері» тақырыбындағы ашық отырысқа Жамбыл индустриалды технологиялық колледжінің, №16 Жуалы колледжінің студенттері, №10,44 мектептерінің оқушылары мен кафедраның ПОҚ қатысты.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ЖАСТАР ЖӘНЕ ХИМИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР»
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті "Химия және химиялық технология" кафедрасының "Химик" студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысының жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл: жастар және химия саласындағы инновациялар" тақырыбында шағын конференция форматында алғаш рет ашық отырыс өткізілді. Мақсаты - білім алушылардың химия саласы бойынша зерттеуге деген қызығушылығын дамыту. Конференцияда білім алушылар химия саласындағы өздерінің ғылыми және бірегей идеяларын ұсынды.
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
2021 жылы 23 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6B05314 - Химия білім беру бағдарламасының 2 курс топ кураторы Мамешова Саят Әлішеріқызының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Қазіргі әлемдегі лаңкестік және діни экстремизмнің қауіпі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге 2 курс студенттері мен М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірдік университеті Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы - магистр Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар екендігін жастарға толық түсіндіру. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайтын, билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялататын, қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзатын ұйымдармен күресуде елімізде жасалынып жатқан жұмыстармен таныстыру.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында 2021 жылдың 19 қарашасында оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында кезекті ғылыми-әдістемелік семинар жалғасын тапты.
Бұл семинарда «Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары» тақырыбы жан-жақты қамтылды. Ғылыми – әдістемелік семинарды PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Нурлыбаева Айша Нурлыбаевна арнайы дайындалған баяндама және презентациялық материалдарды пайдалана отырып жүргізді.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІН САҚТАУ ТӘСІЛІ - ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІК ФОРМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
2021 жылдың 08 қарашасында «Қолданбалы биология» кафедрасының доценті А.М. Байтелиева 7М05111 – «Жалпы биология» мамандығының бірінші курс магистранттарына «Биологиялық білім беру тұжырымдамасы» пәні бойынша «Өсімдіктердің тіршілік формалары және эволюциясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Практикалық сабақтың мақсаты: Жамбыл облысының флорасы өкілдерінің үлгісінде өсімдіктердің тіршілік формалары мен эволюциясын зерттеу.
Ашық практикалық сабақ жұмыс оқу бағдарламасының жоспарына сәйкес өткізілді. Семинарға кафедра меңгерушісі Зияева Г.К., кафедра оқытушылары Баубекова А.К., Голикова К.Н. қатысты.
ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ
2021 жылдың 5-ші қарашасы күні М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасындағы Т. М. Мұхаметқалиев атындағы физика-химиялық зерттеу орталығында АҚШ-тан келген ғалым, PhD доктор, профессор-зерттеуші, Роберта Догерти атындағы азық-түлікке арналған су институтына қарасты Небраска су орталығының профессоры және табиғи ресурстар мектебінің директоры Дэниел Сноу, Назарбаев университетінің доценті, PhD доктор, профессор – зерттеуші Джанай Сагинмен кездесу өтті.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТАДЫ
Технологиялық факультеттің "Қолданбалы биология" кафедрасында "Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау" пәні бойынша "Жалпы биология" мамандығының 1 курс магистранттарында ашық практикалық сабақ өткізілді.
PhD доктор, "Қолданбалы биология" кафедрасының доцент м.а. Момбаева Бекзат Кунсалиевна 2021 жылдың 2 қарашасында "ҒЗЖ ұйымдастыру. Ғылыми бағыт, ғылыми тақырып, ғылыми мәселелер" тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді.
Аудиториялық практикалық сабақтар магистранттың ғылыми жетекшімен бірлесе отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын шешуде теориялық білімдерін шыңдауда, дамытуда маңызды рөл атқарады. Егер дәріс кезінде білім алушы ғылыми білімнің негізін жалпылама түрде алса, практикалық сабақтар осы білімді тереңдетуге, кеңейтуге және кәсіби қызмет дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Практикалық сабақтар магистранттардың ғылыми ойын дамытады.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ ЖОЛЫ – ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАР
02.11.2021 жылы «Қолданбалы биология» кафедрасының доценті Байтелиева Анар Муратовна 7М05112 – «Жалпы биология» мамандығының 2 курс магистранттарына «Сохранение биоразнообразия» пәні бойынша «Жамбыл облысының ерекше қорғалатын табиғи аймақтары» тақырыбы бойынша ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ашық сабақ өткізді (1-сурет).
Сабаққа кафедра меңгерушісі б.ғ.к., доцент Зияева Г.К., аға оқытушы, магистр Куандыкова Г.Т., биология ғылымдарының магистрі Голикова К.Н. қатысты.
Семинар мақсаты: Жамбыл облысының ерекше қорғалатын табиғи аймақтарының орналасуын, флорасы мен фаунасын зерттеу.
Ашық семинар сабақ оқу жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «ҚОЛДАНБАЛЫ БИОЛОГИЯ» СЕКЦИЯСЫ
25.10.2021-29.10.2021ж. аралығында өткен студенттік ғылыми-практикалық конференцияда 23 студенттердің баяндамалары тыңдалды, оның ішінде ғылыми-практикалық конференцияның университетаралық кезеңіне 17 студенттің баяндамалары келесі секция бойынша ұсынылады:
КӘСІБИ-БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Кәсіби бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп, кеңес айту үлкен маңызға ие.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті облыс және қала мектептерінің бітіруші түлектерімен үнемі байланыс жасауда.
2021 жылдың 29 қазан айында Тараз қаласы Ш. Смаханұлы атындағы № 44 орта мектеп және С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Технологиялық факультеттің «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының кәсіби бағдар беру және жұмысқа орналасу жұмыстары бойынша жауапты аға оқытушы М.Ш. Гаражаев «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі Кенжеходжаев М.Д. және доцент м.а. Садыбаев А.К., № 44 орта мектебінің бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ерғали Айман Ерғалиқызы, № 10 орта мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кенжетаева Гульжайна Турлыбековнаның қатысуымен 10-11 сынып түлектерімен кездесу жүргізді.
Подробнее ...
АШЫҚ САБАҚ ОҚЫТУШЫНЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
«Қолданбалы биология» кафедрасының магистрі Голикова К.Н. «Микроорганизмдер физиологиясы және оларды зерттеу әдістері» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді.
Ашық сабақ - бұл педагогикалық тәжірибе мен біліктілікті арттырудың, мамандарды барабар сараптамалық бағалау мен аттестаттаудың, педагогикалық процестің сапасын арттырудың және студенттердің толыққанды білім алуына кепілдік беретін тамаша алмасу. Ашық сабақ-бұл мұғалімнің кәсіби қызметінің бір түрі.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ - БІЛІМДІ ҰРПАҚ
Технология факультетінің «Қолданбалы биология» кафедрасында «Зәр шығару жүйесінің анатомиясы және морфологиясы» атты ашық зертханалық сабақ өтті
«Қолданбалы биология» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Жақсыбаева Сәуле Достайқызы 14 қазан айында 2021жылы «Зәр шығару жүйесінің анатомиясы және морфологиясы» атты тақырыбында ашық зертханалық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Зәр шығару жүйесіндегі мүшелердің топографиясын, қойдың бүйрегін қолдана отырып сыртқы және ішкі анатомиялық құрылысын зерттеп, электронды микроскоп арқылы (әр бағыттағы кескінге салып танысу) бүйректің ұлпаларын көру.
КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
2021 жылдың 21 қазанында М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында кезекті оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Ғылыми - әдістемелік семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар қатысты.
Семинарда т.ғ.к., доцент м.а. Сейтбекова Гүлназия Аташбековна «Пандемия жағдайында ЖОО білім беру жүйесіндегі цифрлық сауаттылық мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
АДАМИ РЕСУРСТАРДЫҢ ДАМУЫ - ЕЛ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАУ
Елімізде адам ресурстарын басқару мәселесінің маңыздылығын дәлелдеу және оны ары қарай жетілдіруді, дамыту жолдарын іздестіру және еңбек нарығын дамыту бойынша нақты ұсыныстар жасау мақсатында «Адами ресурстардың дамуы-Ел болашағын ойлау» тақырыбында 21.09.2021ж. Технологиялық факультетінің «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасында факультет деңгейінде В18-БТЕ-1тобының 4 курс студенттерімен дөңгелек стол өткізілді.
Студенттер адам ресурстарын басқару- бұл белгілі бір саясат, кәсіпорындағы адам потенциалының өсуіне бағытталған, стратегиялық мақсаттарға жету үшін іскерлікті жүргізу және ұйымдастыру, кәсіпорынның жалпы стратегиясына қызметкерлерді басқаруды енгізгенде жоғарғы экономикалық жетістіктерге жету, деп ұғатындары жөнінде ой білдірді.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
2021 жылдың 23 қыркүйегінде М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар жұмысына кафедраның барлық профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар қатысты.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
2021 жылдың 11 қыркүйегі күні «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 Химия білім беру бағдарламасы 1 курс кураторларының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Кәмелетке толмаған студенттердің құқық бұзушылығының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.