ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК

Өмір жолын, әсіресе, мамандық таңдау әр адамның өз еркіне, өз қалауына байланысты десек те, көп жағдайда жол сілтер мамандармен өткен бір ғана кездесу пайым мен тұжырымды өзгертуі мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі отырысында сөйлеген сөзінде жалпы білім туралы, жоғары білім беруде мамандық таңдауда көзқарасты өзгерту қажет екенін баса айтқаны белгілі. Жоғары білім беруде гуманитарлық мамандықтардан гөрі еңбек нарығында сұраныс көп техникалық мамандықтарға басымдық берілу керектігін ескертті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Х.Садиева мен аға оқытушы, магистр Р. Баданованың бастамасымен Тараз қаласының №26, 28, 44 және Меркі ауданы №5 Ақарал орта мектептері  мен  Қордай ауданындағы №28 орта  мектебінің бітіруші 11 сынып оқушыларымен «Кәсіптік бағдар беру» жұмысы бойынша ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізді.

1

Онлайн жиында М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Олжас Қожас, кафедра меңгерушісі Бақыткүл Масалимова және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ата-аналар мен түлектер қойған сұрақтарға жауап беріп, оқу орнында білім алу үшін жасалатын жағдайлар мен жеңілдіктер жайында әңгімеледі. Олжас Оңғарұлы оқу орнындағы білім беру бағдарламалары  және өткізілетін Ұлттық біріңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа ережелері, 6В05314 - Химия білім беру бағдарламасы туралы айтып өтті. Одан кейін «Химия және химиялық технология» кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты аға оқытушы А.Құлажанова 6В05314-«Химия»  және 6В07115-«Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламалары бойынша көптеген керекті мәліметтермен бөлісті. Жалпы аталған білім бағдарламалары Жамбыл жеріндегі химия өндірісін дамытуға өз септігін тигізіп отырғанын айта кеткен жөн.

22

Айтылған мәліметтер дәйекті болуы үшін оқушылар назарына білім беру бағдарламалары туралы бейнероликтер ұсынылды. Роза Баданова кездесу соңында  мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі екенін айта келіп, жастарды дұрыс таңдау жасауға шақырды.

А.Құлажанова,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

«Химия және химиялық технология» кафедрасының

аға оқытушысы.  

Top