АШЫҚ САБАҚ ОҚЫТУШЫНЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ

«Қолданбалы биология» кафедрасының магистрі Баубекова А.К. «External and internal structure of birds» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді.

2021 жылдың 26 қарашада  "Қолданбалы биология" кафедрасының оқытушысы, магистрі Баубекова Айжан Кенжебекқызы  6В05112-"Жалпы биология" мамандығының көптілді білім алатын топтарының 2 курс студенттерімен "Vertebrate zoology" пәні бойынша " External and internal structure of birds "тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: студенттерді омыртқалы жануарлардың үлкен бір тобы құстармен таныстыру. Олардың ішкі және сыртқы құрылыстарын қарап, сипаттау.  

Міндеттері:

1. Дайын муляждар, препараттар арқылы құстың сыртқы құрылысымен танысу ;

2. Үй құсын сойып, құстың ішкі құрылысын қарап, оның ас қорыту, көбею, зәр шығару, жүйке жүйе және де тыныс алу сияқты жүйелерімен танысу.

Ашық зертханалық сабақ кафедраның оқу - әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Инновациялық технологияларды қолдана отырып, ашық зертханалық сабақтың сапалық деңгейінің критерийлерінің жүйесін қамтитын ашық сабақты дайындау және өткізу мәселелерін шешуге арналған панорамалық шолу, талдау, жалпылау және жүйелеу: әдіснамалық, әдістемелік, инновациялық, сондай-ақ педагогикалық шеберлік жүргізілді және қолданылды.

3

Құстардың ішкі және сыртқы құрылысын зерттеудің қазіргі деңгейіндегі сабақ материалдарында көрініс, дүниетанымдық аспектілердің болуы және материалдың басқа пәндермен байланысы интегративтілік принципіне және сәйкесінше жасалған жоспарға сәйкес жүзеге асырылды:

  1. Өткен материалды қайталау: «Amphibians», онда студенттер фронтальды сауалнамаға белсенді қатысып, ActivInspire бағдарламалық қамтамасыз етудің флипчарты бойынша интерактивті тақтамен жұмыс істеді.
  2. Зертханалық сабақтың негізгі бөлігі практикалық тапсырма болды, онда студенттер тауықты сойып, ішкі ағзаларын таза Петри табақшасына салып алдын-ала дайындады, олардың қауырсын қанаттарының структурасын биологиялық жарық микроскопының көмегімен мұқият зерттеді, сонымен қатар салыстыру үшін Digital Microscope қосымшасын қолданды, қарастырылған барлық зертханалық жұмыстар дәптерлеріне көшірілді.

1

4

Кафедра оқытушысы
"Қолданбалы биология"
Баубекова А.К.

Top