ТАТУЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Татулық – елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі. Алауыздық ауызбіршіліктен айырады. Берекенің өзі тыныштық пен ынтымағы асқан жерге үйір. Жастардың бойында толерантты мінез-құлық қалыптастыру үшін осы ұғымдардың мәнін түсіндіру қажет. Осы мақсатта 15 наурызда  «Химия және химиялық технология» кафедрасының бірқатар оқытушылары  доцент Х.Садиева, М. Дәуренбек, Д.Күлбаеваның «Ұлтаралық татулық және ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Өзекті тақырып төңірегінде келелі әңгіме қозғалған басқосуда кафедраның профессор оқытушылар құрамы, университеттің тәрбие бөлімінің мамандары, студенттер ой-пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелде ұлтаралық татулық, бейбітшілік, достық туралы мәселелер талқыланып, ұлттық тәрбие мен татулықтың мән-мағынасы түсіндірілді.

2

3

 

Іс-шарада студенттер түркмен халқының биін билеп, халықтар достығын дәріптеді және шара соңында халықтар достастығы тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді.

Халипа Садиева,

«Химия және химиялық технология» кафедрасының

доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Top