ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Вilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен  «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық байқауы өткізілген болатын.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Жылдың үздік студенті» атты халықаралық байқауына М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультетінің 6В05112 Жалпы биология мамандығының 3 курс студенттері Гайыпов Юсуп Тиркешович және Ядгаров Махмут Яшнарович қатысып, «Жылдың үздік студенті» төсбелгісімен, І дәрежелі дипломдармен марапатталған.

Технологиялық факультетінің, «Қолданбалы биология» кафедрасының ұжымын және аталған студенттердің топ кураторы аға оқытушы, магистр Гульчехра Тунгышовна Қуандықованы атаулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Осындай факультеттің абыройын асқақтатып, жеңіс төрінен көрсететін студенттеріміз көп болсын деп тілейміз.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының
аға оқытушысы, химия магистрі,
технологиялық факультетінің шет елдік студенттеріне жауапты
Мамешова Саят Алишериевна

Top