Ашық отырыстың бағдарламасына сәйкес:
- «Ғылым әлемі» студенттік ғылыми үйірме жетекшісі, т.ғ.к. Ә.Қ.Садыбаев «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы;
- «Микробиологиялық зақымға тұрақты нан-тоқаш өнімдерінің технологиясы» тақырыбында магистр Л.Ж. Алашбаева;
- «Ірімшік жасау технологиясы» тақырыбында №16 Жуалы колледжінің студенті Арайлым Ахажанова;
- «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында №16 Жуалы колледжінің студенті Нұрланқызы Мадина баяндамаларын жасады.
Ашық отырыста колледж студенттерімен және мектеп оқушыларымен бірлескен ғылыми –ізденіс жұмыстарды жүргізу мәселелері талқыланды.
«Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының материалды- техникалық базасы таныстырылды.
Баяндама жасаған колледж студенттерімен және олардың жетекшілеріне Технологиялық факультеті деканы атынан алғыс хат табысталды.