«Ару көктем-Нәзік аналар»

2023 жылы 6 наурыз күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын «Ару көктем-Нәзік аналар» тақырыбында 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс В2Хим-1,3 тобының студенттері 8 наурыз халықаралық аналар  мерекесімен құттықтады.  Мерекелік іс шарада студенттер өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті. Ашық кураторлық сағатта кафедра меңгерушісі РhD, қауымдастырылған професссор Матниязова Г.К. студенттерді және ПОҚ атаулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Студенттер, ПОҚ –на арналған интелктуалды ойындар ұйымдастырса, ал Амантаева Сымбат пен Курбанов Диас ән арнады, Қаршыға Балнұр «Ұстаз» тақырыбында өлең оқып, Алламбергенов Бекарыс домбырамен күйлерден папури жасап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.  Профессор оқытушылар құрамына студенттер білім нәрімен сусындатып жүргендеріне алғыс білдіріп гүл шоқтарын ұсынды.

Толығырақ

Бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуы және болашақ перспективалары

«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының бітіруші түлектерін жұмыспен  қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуы және болашақ перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар:

  1. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ директоры – Ахметова Динара Сырлыбаевна
  2. «Бурное сүт компаниясы» ЖШС директоры – Аринов Сыбанбай Несипханович
  3. «Атамекен» ҚР ҰКП-ның тауарлардың шығу тегін сертификаттау бойынша эксперт – Оразгельдиева Сәуле Дильдабековна
  4. «Казфосфат» ЖШС, минералды тыңайтқыштар зауытының бас метрологы - Бекбауов Болат Кыпшакбаевич
  5. «AKBARS STROY Ltd» ЖШС ӨТБ инженері – Кәрім Еркебұлан Әбілқасымұлы
  6. «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы - Есіркепов Абзал Есенович
  7. Тараз қаласы жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы - Ертөре Айгүл
  8. Карьера және бизнес серіктестік орталғының басшысы – Ержанова Мира Едигеевна
  9. «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және студенттері
Толығырақ

Медиасауаттылық -заманың басты талабы

2023 жылдың 15 ақпан күні “Медиасауаттылық -заманың басты талабы” атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Қонақта: М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің баспасөз хатшысы, Ақпарат және медиакоммуникация орталығының директоры Бағлан Батырбекұлы болды.

Медиасауаттылық анықтамаларында бірінші мән беретін нәрсе- адамның сыни ойлай білу қабілеті. Бұл шетінен барлығын сынау емес. Сыни ойлай білетін адам біржақты пікірден аулақ болады, кез келген ақпаратты түрлі ракурстан талдай біледі.Бұл- негізгі мектеп жасында қалыптасатын машық.Батыс елдерінде білім алған отандастарымыз біздің білім беру бағдарламамыз осы жерде ақсайтынын жиі алға тартады. Ата-ананың, ұстаздың, не өзінен жасы үлкен адамның айтқанын өздігінен саралап, жеке пікірін білдіру-бұрыс не тәрбиесіздік емес.
“Ақпаратқа кім ие болса, сол әлемді билейді” деген қанатты сөздің бүгінгі шындыққа қаншалықты сай екеніне күнделікті өмірде көз жеткізіп келеміз. Ендеше осы тұрғыдан келгенде медиасауаттылықты арттыру заманның басты талабы екені сөзсіз.

Толығырақ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ

Мамандық таңдау түлектердің ең маңызды шешімдерінің бірі. Мамандық таңдауда Ж.Аймаутовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деген сөзін назарға алу керек. Кейбір оқушылар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық болады. Әрбір түлек өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Толығырақ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті диссертациялық кеңесінің 2022 жылғы 28 желтоқсанның (№21 хаттама) шешімі және Басқарма Төрағасы – Ректор 2023 жылғы 10 қаңтар №68-б/а бұйрығы негізінде Мырзахметов Бауыржан Аскарбековичқа 6D060600–Химия мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Ғылыми кеңесшілері: Цой Ирина Генадьевна – химия ғылымдарының кандидаты, «Химия және химиялық технология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті); Celine Frochot – PhD, Lorraine университетінің профессоры, Нанси қ., Франция.

Келешекте шығармашылық табыс, жаңа жоспарларыңыздың одан әрі жүзеге асырылуын тілейміз.

Толығырақ

Құқық бұзушылықтың алдын-алу профилактикасы

2023 жылдың 3 ақпанында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ, Технологиялық факультеті, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен студент жастарға құқық бұзушылықтың алдын-алу профилактикасы» бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу - қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін құқықтық білімді жетілдіру керек.
Полиция өкілдері Жамбыл облысы, Тараз қаласы Полиция басқармасы, 1 полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі, Ювенальдық полиция тобы, учаскелік полиция инспекторлары - полиция аға лейтенанты М.Б.Аманова, полиция капитаны Н.А.Узенбаева құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды.

Толығырақ

Кәсіби-бағдарлау жұмыстары

2023 жылдың қаңтар айының 27 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушысы Рахманова Жансауле Сергеевна Қаратау қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы, С.Сейфуллин атындағы, А.Пушкин атындағы орта мектептерге және А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияға барып, кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің барлық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша, соның ішінде аталған кафедраға қарасты 6В07211 - «Инновациялық текстиль» және 6В07116 - «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», 6В07222 - “Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары” және 6В07511 - Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» білім беру бағдарламалары бойынша толық түсіндірді. Мектеп түлектері туындаған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Толығырақ

«Тоқыма, материалтану және стандарттау» кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлерінің 2022- 2023 оқу жылындағы кәсіптік бағдарлауды жүргізу жұмыстары бойынша анықтама

Кәсіптік бағдар дегеніміз мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет екенін білеміз.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде келісе отырып жыл бойы жүргізілуде. Бұл жұмысқа Университеттің технологиялық факультетінің  «Тоқыма , материалтану және стандарттау» кафедрасының ұжымы белсене қатысуда. Әр  оқу жылында кәсіптік-бағдарлау жұмысына  арналған жоспары құрастырылып, бекітіледі.

Толығырақ

Кәсіби – бағдар жұмысы

 2023 жылдың 19 қаңтар күні  кәсіби – бағдар жұмысы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  Технологиялық факультеті  «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары Рахманова Ж.С., Касымова Г.А., Сарыбаева Э.Е.   Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты,  №1 гимназия, Ғ.Мұратбаев атындағы, Ю.Гагарин атындағы, М.Киікбаев атындағы, Сарыкемер атындағы  мектептерге барып, кәсіби бағдарлау  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәсіби –бағдарлау жұмысын жүргізу барысында мектеп түлектеріне  кафедрадағы  6В07211- «Инновациялық текстиль»,  6В07116- Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдар технологиясы, 6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары, 6В07511-  «Стандарттау және өнімдер сапасын басқару» білім беру бағдарламалары таныстырылды.  

Толығырақ

Докторлық диссертация сәтті қорғалды

«Химия және химиялық технология» кафедрасының «Химия» мамандығының докторанты Мырзахметов Бауыржан Асқарбекұлы «Фотодинамикалық терапияда қолданылатын фотосенсибилизаторлардың физика-химиялық қасиеттері және кванттық-химиялық есептеулері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын 2022 жылғы 28 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде сәтті қорғады.

Толығырақ

Сенің болашағыңның мақсаты - дұрыс мамандықты таңдау!

Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Толығырақ

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ӨРКЕНДЕУІ – ЖАСТАР ҚОЛЫНДА

«Технолог» студенттік–ғылыми үйірмесінің (СҒҮ) жұмыс жоспарына сәйкес 23.12.2022 жылы Тараз қаласының мектеп бітіруші оқушыларымен «Жеңіл өнеркәсіптің өркендеуі – жастар қолында» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық отырыс өтті.  

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласындағы ғылыми-зерттеу іс-әрекеті үшін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту. Дөңгелек үстелде мектеп оқушылары мен үйірме мүшелері Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібінің мәселелерін талқылады.

Толығырақ

Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына арналған әдеби кеш

«Химия және химиялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті.
Әдеби кештің негізгі мақсаты - жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысу, жазушы шығармаларының идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, шығармаларды нақышына келтіріп оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту.

Толығырақ

«Ұлт тілін ұлықтаған» М.Шахановқа арналған дөңгелек үстел

Желтоқсан айының 8 жұлдызында «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының кураторлары (Байдильдаева А.К., Онлабекова А.Т., Айтоқпақ С.С., Халметова Ш.Т.) бастамасымен университеттің Тәуелсіздік залында «Ұлт тілін ұлықтаған» атты тақырыбында М.Шахановтың 80 жасқа толуына орай факультет деңгейінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. XX ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған Мұхтар Шаханов – қазақтың біртуар көрнекті ақыны, драматургі.  Қазақстан халық жазушысы - еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен тұлға. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлғамызға арналған «Ұлт тілін ұлықтаған» атты дөңгелек үстелде 6В07222-21, 6В07511-21, 6В07511-20, 6В07211-20 топтарының студенттері ақын туралы презентация қорғап, «Мені неге Мұхтар қойған», «Бақыт геометриясы», «Достық өлкесінің заңы» және «Желтоқсан алаңы» өлеңдерін оқыды, «Отырар» дастанына режиссер Батырхан Дәуренбековтың түсірген мультфильміне шолу жасап, өз ой-пікірлерін білдірді.

Толығырақ

«Бақытты шаңырақ-бақытты ел» тақырыбында ашық дөңгелек үстел

Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.

Толығырақ

Туған ел - тұғырың, туған тіл - қыдырың

Мәңгілік Ел болуымыздың түп-тамыры тым тереңде. Соның ішінде ана тіліміздің алар орнының тіптен айрықша екеніне ешкім дауласа алмайды. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің ілгерілеп, осыншама өркениет биігіне жетуі, барлық рухани құндылықтарының жарқырай көрінуі айналайын ана тіліміздің арқасы десек еш қателеспейміз.

Ахмет Байтұрсынұлының: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» дегені тағы да еске түседі. Иә, мына тынымсыз тіршіліктің тізгінін ендігі жерде тіл арқылы ғана ұстай аламыз. Халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, келешек ұрпаққа әуелгі мөлдір тамшыдай қалпында жеткізу де баршамыздың парызымыз. 

Толығырақ

«ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ ҚАЗАҚТЫҢ» МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

«Химия және химиялық технология» кафедрасының 3 курс 6В05314-Химия білім беру бағдарламсының студенттерінің ұйымдастыруымен аты аңызға айналған, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Маметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлігін ұлықтау, өнеге ету, жастардың патриоттық сезімін ояту, Отан сүйгіштікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Қаһарман қызы қазақтың» атты шара өткізілді.

Шараның өту барысында 3-курс студенттері Елемес Жансая және Бегалы Мерей Мәншүктің  балалық шағы, майдан даласындағы ерлігі туралы тың деректерге  шолу жасалып,  «Үзілген моншақ» атты деректі фильм көрсетілді.

Ерімбетова Салима Мәншүктің майдан даласында анасына жазған сағыныш хаттарынан  үзінділерді  театрландырған қойылыммен ұсынды.

Толығырақ

Жеңіспен құттықтаймыз!

2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурста М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Кудайбергенова Рабига Мусапаровна құны 18 999 676 теңгені құрайтын грант ұтып алды.  

Келешекте шығармашылық табыс, жаңа идеяларыңыздың, жоспарларыңыздың одан әрі жүзеге асырылуын тілейміз.

Толығырақ
Top