Қазақстанның әр азаматы сияқты бәріміз белгілі бір кезеңде жасылынатын Жолдаудан елді елең еткізетін жаңалық пен жылылық күтетініміз анық. Биыл да күттік. Президенттің жаңа жолдауынан елдің еңсесін көтеретін және көпшіліктің көңілінің түкпірінде екіұдай сұрақта тұрған маңызды мәселелерге де нақты жауап алды деп ойлаймын.
Оның біріншісі ел экономикасын көтеру үшін қазіргі басты міндет – елімізде мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан “өңдеу саласына жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет» деп атап көрсетті.
Демек, алдағы уақытта еліміз тек шикізат өндірмейді, оны өзімізде өңдеп одан дайын өнім алуға мүмкіндік жасалынады деген сөз. Бұл қосымша жұмыс және табыс көзі болмақ. Экономикамыз өркендеп, алдыңғы қатарға көтерілеміз деген үміт оты осы.
Елдің арасында екі ұдай пікір қалыптастырған АЭС салу мәселесіне де нүкте қойылып, референдум арқылы шешілетін болды. Бұлда аса маңызды саяси шешілетін жағдайдың бірі болатын. Бұл шешімді жұртшылық аса түсіністікпен қабылдады. Аталған референдум Тоқаев дәуіріндегі екінші рет өткелі тұрған айтулы оқиға болмақшы.
Бұл енді жариялылықтың белгісі.
Берілген уәде бойынша салынатын 400 жайлы мектеп еліміздің болашағы балаларға мемлекет тарапынан жасалынып отырған үлкен қамқорлық.
Жолдауды алғаш тыңдап шыққандағы жүрек жарды пайымдарымыз осылай боп шықты.
Салтанат Сейтказиева аға оқытушы