Кәсіби – бағдар жұмысы
2023 жылдың 19 қаңтар күні кәсіби – бағдар жұмысы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары Рахманова Ж.С., Касымова Г.А., Сарыбаева Э.Е. Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты, №1 гимназия, Ғ.Мұратбаев атындағы, Ю.Гагарин атындағы, М.Киікбаев атындағы, Сарыкемер атындағы мектептерге барып, кәсіби бағдарлау түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәсіби –бағдарлау жұмысын жүргізу барысында мектеп түлектеріне кафедрадағы 6В07211- «Инновациялық текстиль», 6В07116- Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдар технологиясы, 6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары, 6В07511- «Стандарттау және өнімдер сапасын басқару» білім беру бағдарламалары таныстырылды.